Айдарбаев Алик Серікұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы

Айдарбаев Алик Серікұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мүддесін білдіретін өкіл. 2018 жылғы 23 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№13/18 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі және Директорлар  кеңесінің төрағасы болып сайланды. 

1963 жылғы 19 мамырда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Александровка ауылында туған.

Қазақстан Республикасының азаматы.  

1985 жылы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін «Мұнай кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылы РФ Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген, Мәскеу қаласы (ІӘМ).

  • 1985-1991 жж.- «Жетібаймұнай» МГӨБ оператор, ұста, технолог, цех бастығы.
  • 1991-1994 жж.- «Оңтүстікқазмұнайгаз» ӨБ ҚҚРЦ бастығы.
  • 1994-1995 жж.- «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ Бас директорының орынбасары, бірінші вице-президент.
  • 1995-2009 жж. - «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» компаниясының («ЛУКОЙЛ» мен «Оңтүстікқазмұнайгаздың» бірлескен кәсіпорны) Бас директоры. Кейінірек компания «Торғай Петролеум» ЖАҚ деп атауы өзгертілді.
  • 2009 (желтоқсан) – 2011 (сәуір) жж. - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры.
  • 2011 ж. (сәуір – желтоқсан) - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Өндіру жөніндегі басқарушы директоры.
  • 2011 (желтоқсан) – 2013 жж. - «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры.
  • 2013 (қаңтар) - 2017 (наурыз)  жж.- Маңғыстау облысының әкімі.
  • 2017 (наурыз) - 2018 (қаңтар) жж. - Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму бірінші вице-министрі.
  • 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының активтерді басқару жөніндегі орынбасары.

Қосымша: Техника ғылымдарының кандидаты, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық  университетінің құрметті профессоры. «Құрмет», «Парасат» және ІІ-дәрежелі «Барыс» ордендерімен наградталған.

Қоғамның, өнім жеткізушілердің және бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Акционердің өкілі болып табылатын Директорлар кеңесінің мүшесіне Директорлар кеңесіндегі жұмысы үшін сыйақы төленбейді.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng