Рысқұлов Айдар Қайратұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі

Рысқұлов Айдар Қайратұлы

1981 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келді

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Айдар Қайратұлы Рысқұловтың қызмет тізімі:

Білімі:

  • 2002ж. – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітіріп, «экономист» біліктілігі берілді.
  • 2006ж. – Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Универститетін «Экономика саласында құқықтық реттеу» мамандығы бойынша бітіріп, «Құқықтану бакалавры» академиялық дәрежесі берілді.

Еңбек жолы:

  • 2002-2003жж. - «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның (Қарағанды қ. филиалы) экономист-инженері.
  • 2003-2006жж. - «АТФ Банк» АҚ-ның (Астана қ. филиалы) клиенттерді тарту секторының маманы, Операциялық бөлімнің Қызмет көрсету менеджерлері қызметінің маманы, ШОБ кредит беру бөлімі ЕҚДБ бағдарламасы бойынша кредит беру секторының маманы, ШОБ кредит беру бөлімі микро кредит беру секторының 2-деңгейлі жетекші маманы.
  • 2006ж. - «Банк Центр Кредит» АҚ-ның (Астана қ. филиалы) Кредит офисі бизнес-клиенттер бөлімінің аға кредит офицері.
  • 2006-2008жж. - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның (Ақтау қ. филиалы) Орта бизнеске сату орталығы бөлімінің бастығы.
  • 2009ж. - «Еуразия Банкі» АҚ-ның (Астана қ. филиалы) Корпоративтік кредит беру бөлімінің бас маманы.
  • 2009-2012жж. - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның Инвестициялық жобалар департаменті Жобаларды талдау басқармасының бас менеджері, Инвестициялық жобалар департаменті Жобаларды талдау басқармасының бастығы, Инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары (06.10.2011ж. бастап департаменттің атауы Кредит беру департаменті болып өзгерді).
  • 2012-2019жж. - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Қаржы активтерін басқару жөніндегі директоры, Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.
  • 2019ж. тамыздан бастап 2019 жылғы қазанға дейін Қоғамның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарды.
  • 2019 жылғы қазаннан бастап – Қоғмның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры.

Атқаратын қызметтері:

  • Қоғамның ұзақ мерзімді Даму стратегиясын және Стратегияны іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеу/оңтайландыру, келісу, бекіту, мониторингілеу және іске асырылуына бақылау жасау;
  • 5-жылдық және 10-жылдық кезеңдерге арналған Қоғамның ЕТҰ-ға қатысты Болжалдарын әзірлеу және мониторингілеу;
  • тариф белгілеу, соның ішінде белгіленген тәртіпте ЕТҰ-ның жоспарлы тарифтерін келісу/бекіту;
  • Қоғам мен ЕТҰ қызметінің қаржы-экономикалық қорытындылары;
  • бухгалтерлік, салық және статистикалық есеп;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның инвестициялық жобаларын қаржыландыру;
  • Қоғамның активтерін оңтайландыру, қайта құрылымдау және қайта ұйымдастыру (ЕТҰ-ға акцияларды/қатысу үлестерін біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту, қосу, арасалмағын өзгерту), сондай-ақ Қоғамның активтерін жою, заңды тұлғалардың акцияларын/қатысу үлестерін құру, сатып алу, иеліктен шығару бойынша іс-шараларды іске асыру;
  • Қоғамның акцияларын бастапқы жария орналастыруға (IPO) шығаруға дайындау, соның ішінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен іске асыру;
  • Қоғамның уақытша бос ақша қаражатын басқару;
  • Қоғамның бағалы қағаздары листингі кезінде Қоғамның аталған биржаларда қор биржаларының талаптарын сақтауы;
  • Қоғамның акцияларын шығару (жариялау) және орналастыру;
  • Мемлекеттік стратегиялық жоспарлар бойынша (соның ішінде «Дағдарысқа қарсы жоспар», «Жалпы ұлттық жоспар», «100 қадам жоспары») орындалуын бақылау, жинақтау және есеп беру;
  • Қоғамның нормативтік құжаттарына және аталған органдардың сұрауларына сәйкес, Қоғам басшылығына, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-ға, Директорлар кеңесі мен басқа органдарға ұсыну үшін Қоғамның өндірістік-экономикалық қызметі туралы есептер мен баяндамалар дайындау; 
  • қадағалайтын бағыттары бойынша Үкіметтің Қоғам қызметімен байланысты стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыру;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша менеджмент жүйесінде ISO халықаралық стандарттары талаптарының сақталуы;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен, оның ішінде банктермен, қор биржаларымен, сақтандыру ұйымдарымен, аудиторлық ұйымдармен, тәуелсіз бағалаушылармен, басқа қаржылық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ жеке тұлғалармен, жалғыз акционер -«Самұрық-Қазына» АҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды және Қоғам атынан өкілдік етеді;
  • Кредит комитетін, Қызметті жоспарлау және бағалау комитетін, Активтер мен пассивтерді басқару комитетін басқарады;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша міндеттерді іске асыруға қажетті басқа да қызметтерді орындайды.

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng