Әмірханов Мұрат Әнуарбекұлы

Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Әмірханов Мұрат Әнуарбекұлы
Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Әмірханов Мұрат Әнуарбекұлы

Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

1977 жылы 23 қарашада туған

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Әмірханов Мұрат Әнуарбекұлының қызмет тізімі:

Білімі:

2001ж. – «Әділет» жоғары құқық мектебі» - Заңтану академиясын «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі - «Заңгер».

Еңбек жолы:

1994-1998жж. «Терминал» фирмасы» ЖШС-да заң бөлімінің референті болып жұмыс істеді.

1998-2001жж. - «Grata» заң фирмасы» ЖШС-да заңгер.  

2001-2004жж. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» АҚ-да жалпы мәселелер бойынша заңгер-консультант, заң қызметінің бастығы қызметтерін атқарды.

2004-2006жж. - «ҚазТрансОйл» АҚ-да бас директордың кеңесшісі.

2006-2007жж. - «ZEREK» ЖШС-да бас директордың кеңесшісі.

2007жж. «ҚазМұнай Теңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ-да заң департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2007-2008жж. «Самұрық Инвест» ЖШС-да құқықтық департаменттің директоры қызметін атқарды.

2009-2015жж. «ҚазТрансГаз» АҚ-да заң департаментінің директоры, құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеді, Басқарма мүшесі болып сайланды.

2015-2016жж. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да құқықтық блоктың басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2016-2017жж. «KMG Global Solutions B.V.» АҚ-да бизнесті қолдау блогының бас заңгері қызметін атқарды.

2017-2019жж. «KMG  Rompetrol SRL» АҚ-дақұқықтық қамтамасыз ету және комплаенс жөніндегі бас директор болып жұмыс істеді.

2019 жылдың мамырынан – Қоғамның тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры.

Атқаратын қызметі:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның мүддесіне сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында шарт жобаларына және оларға қоса берілетін құжаттарға, бұйрық жобаларына және Қоғамның өзге де актілеріне, Қоғам органдарының шешімдер жобаларына, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларына құқықтық сараптаманы сапалы және уақытылы қамтамасыз ету;
  • Қоғамның құқықтарының қорғалуын және мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы және күшіне енбеген нормативтік құқықтық актілеріне талдау жасауды қамтамасыз ету;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның талап-шағымдық және сот-төрелік жұмысын ұймдастыруды қамтамасыз ету, Қоғам мен ЕТҰ-ның (келісім бойынша) соттық (төрелік) ұстанымын белгілеу, сондай-ақ құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғау мақсатында соттарда Қоғам мүдделерін білдіру;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның тәуекелдерді басқару жүйесін, ішкі бақылау жүйесін қамтамасыз ету және оларға бақылау жасау, соның ішінде шараларды, бақылау үдерістерін және ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару мен қызметтің үздіксіздігін басқару жүйелері саласындағы әдістемелік базаны әзірлеу/өзектендіру;
  • сипаттамасы бар тәуекелдерге жүргізілген талдау туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды мейілінше азайту бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру туралы мәліметтерді әзірлеу, оларды Қоғамның Директорлар кеңесіне және оның аудит комитетіне ұсыну;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) мен ішкі бақылау жүйесін (ІБЖ) жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтамасыз ету және бақылау, ТБЖ мен ІБЖ-ның тиімділігіне талдау жасау, ТБЖ мен ІБЖ-ның қызмет ету мәселелері бойынша Қоғам ЕТҰ-ларын әдістемелік қолдау;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша қабылданатын шешімдердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкестігі; 
  • қадағалайтын бағыттары бойынша Қоғамның Даму жоспарын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша Қоғамның Даму стратегиясын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша Акционердің болжалдарын іске асыру;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша Қоғамның қызметіне байланысты Үкіметтің стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыру;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша арнайы жобаларды қоса алғанда, Қоғамды трансформациялау бағдарламасын әзірлеуге қатысу және оны іске асыру;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша менеджмент жүйесінде ISO халықаралық стандарттарының талаптарын сақтау;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және сәйкестендірілген тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен орындау;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша Қоғамың ішкі, ақпараттық және экономикалық қауіпсіздік, азаматтық қорғау талаптарын орындау;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен, соның ішінде қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ жеке тұлғалармен; құқықтық мәселелерді шешкен кезде Қоғамның мүдделерін ұсыну бойынша соттармен; «Самұрық-Қазына» АҚ Жалғыз акционермен өзара іс-қимыл жасау және Қоғам атынан өкілдік ету.

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng