Ұлданов Марат Асқарұлы

Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Ұлданов Марат Асқарұлы
Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Ұлданов Марат Асқарұлы

Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

1980 жылы 29 желтоқсанда туған

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Ұлданов Марат Асқарұлының қызмет тізімі:

Білімі:

2002ж. – О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «электрмен жабдықтау және электрлендіру» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі -  «электр инженері».

2011ж. – Қарағанды «Болашақ» университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген, академиялық дәрежесі – «экономика және бизнес бакалавры». 

Еңбек жолы:

1999-2005жж. - «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ-да балқыту цехының электр монтері, шихтаны дайындау цехының электр жабдықтарын жөндеу және оған қызмет көрсету бойынша 5-разрядты электр монтері, бас энергетик бөлімі электрді тұтыну режимі мен оған бақылау жасау бюросының бастығы,  Отын-энергетикалық кешенді басқару департаментінің жетекші инженері, Шығыс Жезқазған кеніші бас энергетигінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2005-2013жж. - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-да Отын-энергетикалық кешенді басқару департаментінің жетекші инженері, отын-энергетикалық кешеннің өткізу басқармасының сату жөніндегі менеджері.

2013-2014жж. энергиямен жабдықтаушы компанияларда басшылық қызметтер атқарды.

2018-2019жж. - «Самұрық-Энерго» АҚ Сауда үйінің басшысы.

2019 жылғы мамырдан  - Қоғамның дамыту және сату жөніндегі басқарушы директоры.

.

Атқаратын қызметі:

  • Қоғамда халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және бұл жұмысты ЕТҰ-да үйлестіру;
  • Қоғамның халықаралық кеңестердің жұмысы мен іс-шаралардың жұмысына қатысу мәселелерін пысықтау (оның ішінде АЭФ, G-Global, Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі, Kazenergy Еуразия форумы, Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесі, Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесі және т.б.);
  • Қазақстандық және шетелдік ұйымдармен (оның ішінде «Kazenergy», «Атамекен» ҰКП», «КЭҚ», «СМК», «WEC», «INS», «Markit», «Секретариат Энергетической Хартии» және т.б.) ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
  • Сату стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
  • Қоғамның экспорттық әлеуетін ілгері апару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру;
  • электр энергиясы мен көмір өткізудің жаңа нарықтарын игеру бойынша сауда операцияларын қамтамасыз ету;
  • электр энергиясы мен көмірді өткізудің жаңа нарықтарын игеру бойынша сауда операцияларын қамтамасыз ету;
  • электр энергиясы мен қуаттың, көмірдің ішкі нарығының, сондай-ақ таяу және алыс шетелдер нарықтарының жай-күйіне талдау жасау және дамыту бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеу;
  • Қоғамның инвестициялық жобаларын Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына, республикалық және өңірлік индустрияландыру картасына енгізу;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның Инвестициялық процесс әдістемесінің талаптарын әзірлеу және орындау;
  • мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Қазақстан Электр Энергетикалық Қауымдастығымен, «KazEnergy» қауымдастығымен, шектес мемлекеттердің энергетикалық кәсіпорындарымен (оның ішінде ТМД Электр энергетикалық кеңесімен, Еуразия Экономикалық Комиссиясымен, Орталық Азияның Үйлестіруші Электр Энергетикалық Кеңесімен және т.б.), қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ жеке тұлғалармен, Қоғамның Жалғыз акционері - «Самұрық-Қазына» АҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды және Қоғам атынан өкілдік етеді;
  • Қадағалайтын бағыттары бойынша міндеттерді іске асыру үшін қажетті басқа да функцияларды атқарады.

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng