Қарағайшиев Руслан Қазбекұлы

Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі.

Қарағайшиев Руслан Қазбекұлы

Туған күні: 1978 жылғы 30 сәуір.

Білімі:

2003 жылы Экономика және құқық академиясын бітірді, Құқықтану.

2020 жылы РХШжМҚА Мемлекеттік қызмет және басқару институтын бітірді, МВА «Жобаларды басқару».

Еңбек жолы:

2001-2010жж. – «Мұсахан» ЖШС, Бас директоры;

2013-2014жж. – «ҚазГерМұнай» БК АҚ, Өкілеттік басшысы;

2014-2015жж. – «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ, Бас директордың кеңесшісі;

2015-2016жж. – «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ, Қауіпсіздік қызметінің басшысы;

2016-2017жж. – «Qazaq Financial Group» АҚ, Басқарушы директорының кеңесшісі (корпоративтік басқару жөніндегі);

2017-2018жж. – «Астана Халықаралық Қаржы Орталығы», Басқарушы директордың кеңесшісі (тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі);

2018-2020жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ, Басқарма Төрағасының кеңесшісі.

2020 жылғы ақпаннан бастап - Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор.

Атқаратын қызметтері:

Қоғамдағы шарт жобаларының және оларға қоса ұсынылатын құжаттардың, бұйрықтар мен өзге де акт жобаларының, Қоғам органдарының шешімдері мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғам мүдделеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында сапалы және уақытылы құқықтық сараптамадан өткізілуін қамтамасыз ету; Қоғам құқықтарының қорғалуы және мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы және күшіне енбеген нормативтік құқықтық актілеріне талдау жасаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

Қоғам мен ЕТҰ-ның талап-арыз және сот-төрелік жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету, Қоғам мен ЕТҰ-ның сот (төрелік) ұстанымын анықтау (келісім бойынша), сондай-ақ құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында соттарда Қоғамның мүдделерін білдіру;

Қоғам мен ЕТҰ-дағы тәуекелдерді басқару жүйесін, ішкі бақылау жүйесін қамтамасыз ету және бақылау, оның ішінде ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және қызметтің үздіксіздігін басқару жүйелері саласындағы іс-шараларды, бақылау рәсімдерін және әдіснамалық базаны әзірлеу/өзектендіру;

Қоғамның Директорлар кеңесіне және оның аудит комитетіне тәуекелдерге жүргізілген талдау туралы ақпаратты сипаттамасымен бірге, сондай-ақ оларды барынша азайту жөніндегі жоспарлар мен бағдарламалардың іске асырылуы туралы мәліметтерді әзірлеу және ұсыну;

Қоғам мен ЕТҰ-ның тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) және ішкі бақылау жүйесін (ІБЖ) жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау, ТБЖ және ІБЖ тиімділігін талдау, ТБЖ мен ІБЖ-ның жұмысы бойынша Қоғамның ЕТҰ-ларына әдістемелік қолдау көрсету;

Қоғам компаниялары тобы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жоспарларды әзірлеу және орындау процесін қамтамасыз ету және бақылау, сондай-ақ үздіксіз қызмет жөніндегі іс-шаралардың тиімділігіне мониторинг пен талдауды жүзеге асыру;

Қоғамның Директорлар кеңесіне және оның аудит комитетіне қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі саласындағы ішкі нормативтік құжаттарда көзделген мәселелер бойынша ақпарат әзірлеу және ұсыну;орнықты дамуды, орнықты даму саласындағы тәуекелдер мен ІНҚ-ны басқару;

Қоғамның Орнықты даму саласындағы нұсқаулықты іске асыру жөніндегі іс-шараларын әзірлеу, өзектендіру, орындау және бақылау;

Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі стратегияны әзірлеу/өзектендіру, мониторинг жасау және орындау;

Мүдделі тараптар картасын әзірлеу/өзектендіру мен ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау тетіктерін анықтау;

Қоғамның Корпоративтік басқару кодексін және Қоғам мен ЕТҰ-да корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру;

Қоғамның Жылдық есебін әзірлеу және жариялау;

GRI жүйесі бойынша есепті әзірлеу тәжірибесін ендіру;

Қоғам мен ЕТҰ-да корпоративтік басқарудың мақсатты құрылымын жасау;

Қоғам мен ЕТҰ-да корпоративтік басқару жүйесін ендіру және жетілдіру;

Қоғам мен ЕТҰ-ның корпоративтік басқару жүйесіне диагностика жасау;

Қоғам мен ЕТҰ-ның корпоративтік басқару рейтингісінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу;

қадағалайтын бағыттары бойынша қабылданатын шешімдерді Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкестендіру;

тәуекелдерді сәкестендіру, бағалау, қадағалайтын бағыттар бойынша сәйкестендірілген тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау; 

шарттардың, оның ішінде оларда көзделген тараптардың құқықтары мен міндеттемелерінің орындалуын, сондай-ақ қадағалайтын бағыттар бойынша Қоғам мүдделерінің сақталуын бақылау;

қадағалайтын бағыттары бойынша тапсырмаларды іске асыруға қажетті басқа да қызметтерді атқарады.

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng