«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
Иелік ету үлесі
100%

«АлматыЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «АЭС» ЖШС) Электр энергетикасы туралы заңына сәйкес энергиямен қамтамасыз ететін ұйым ретінде 2006 жылғы маусым айында құрылды.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның Жалғыз акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады – қатысу үлесінің 100 %-ы.

«АЭС» ЖШС Алматы қаласы мен Алматы облысының 3 миллионнан аса тұрғындарын және 29 мыңнан аса кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз ететін Қазақстан аумағындағы электр энергиясының ең ірі жеткізушісі болып табылады.

Тұтынушылардың жалпы саны: 783 756

  • Жеке тұлғалар: 754 614
  • Заңды тұлғалар: 29 142

Серіктестіктің басты мақсаты Алматы қаласының және Алматы облысы сегіз әкімшілік ауданының тұтынушыларын электр энергиясымен сенімді және тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.

«АЭС» ЖШС электр энергиясы көтерме және бөлшектеп сатунарықтарының субъектісі болып табылады.

www.esalmaty.kz

  • Қаз
  • Рус
  • Eng