«Маңғышлак-Мұнай» ЖШС

«Маңғышлак-Мұнай» ЖШС
Иелік ету үлесі
100%

«Мангышлак-мунай» ЖШС кейіннен өндіруге келісімшартқа қол қоя отырып, Келісімшартқа (29.08.2008ж. тіркеу нөмірі №2775) сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысындағы Придорожное кен орнында газға барлау жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығының иесі болып танылады.

Жоба құрылысы жоспарланғанқуаты175,6 МВт бу газ құрылғысын қамтамасыз ету үшін газ кен орнын дайындауды болжайды.

Придорожное кен орнында БГҚ салу электр энергиясын өндіру арқылы өндірілетін газды тиімді пайдалануға және энергияға тапшы Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарын энергиямен қамтамасыз ету сенімділігін арттыруға арналған.

Придорожное кен орны Қызылорда қаласынан 210 км шығысқа қарай Қазақстан Республикасының Оңтүсік облысының Созақ ауданында Құмкөл-Қызылорда газ құбырынан 190 км және Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырынан 200 км қашықтықта орналасқан.

Кен орны 1978 жылы ашылды. Бұрғылау және 13 барлау ұңғымасын сынау нәтижесінде анықталды және Қорлар жөніндегі мемелкеттік комиссия 1100 м және 2400 м тереңдікте 16,5 млрд.куб.м көлемінде табиғи газдың болуын растады.

«МАНГЫШЛАК-МУНАЙ» ЖШС-ның қызметін реттейтін негізін қалаушы нормативтік құқықтық актісі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Заң жер қойнауын пайдаланудың, соның ішінде барлау жөніндегіқызметтерді құқықтық реттеудің негізгі қағидаттарын, жер қойнауын пайдалану құқықғын беру тәртібін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретін, Құзырлы органның және атқарушы органдарының міндеттерін, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану жөніндегі және халық пен персоналдың қауіпсіздігі талаптарын, жер қойнауының мемлекеттік қорының жағдайын есепке алуын белгілейді.

www.mangyshlak-munay.kz

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng