«Энергия Семиречья» ЖШС

«Энергия Семиречья» ЖШС
Иелік ету үлесі
51%

«Энергия Семиречья» ЖШС Алматы обысының Еңбешіқазақ ауданы Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт-тан 300 МВт-қа дейін жел электр станциясын (ЖЭС) салу саласында қызметті жүзеге асыру үшін құрылған бірлескен кәсіпорын болып табылады.

Қазіргі уақытта «Энергия Семиречья» ЖШС қатысушылары мыналар болып табылады: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның - 51%, ZENITH GLOBAL FZE - 49%.

«Энергия Семиречья» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2009 жылғы 02 қарашада құрылды және электр энергиясын өндіру және сату, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, объектілерді жобалау мен салу, объектілерді жобалау мен салу бойынша қызметтерді көрсетеді.

Алматы облысы әлемде ЖЭК-тің әлеуетті құрылысының ең бірегей алаңы болып табылады. Бұл жел сипаттамасы бойынша әлемде ЖЭК құрылысының ең әлеуетті алаңдарының бірі болып саналатын Жоңғар қақпасы және Шелек дәлізі болып табылады. Жоңғар қақпасындағы бос алаңдар ЖЭС-тің жалпы қуатын 1000 МВт-тан аса дамытуға мүмкіндік береді. Жел генераторларын өндірудің заманауи технологиялар айтарлықтайсапалы өнімді – аумақтық және ұлттық желілік операторлардың қабылдауына арналған параметрлеріне сәйкес электр энергиясын ала отырып, дәстүрлі көздермен салыстырғанда бәсекелес бағалар бойынша ЖЭК-ті салуға мүмкіндік береді. Алматы облысының жаңа қуат өндіретін объектілерін, соның ішінде шағын СЭС-терді және жел электр станцияларын (ЖЭС) салу айтарлықтай дәрежеде өңірдің энергияға бар тапшылығын жабады деп күтілуде.

energy7.kz

  • Қаз
  • Рус
  • Eng