«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ
Иелік ету үлесі
50%

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ – белгіленген қуат көлемі 1000МВт болатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қазақстандық-ресейлік бірлескен энергетикалық кәсіпорын.

Акционерлік қоғам ресейлік және қазақстандық энергетика нарықтарындағы ірі екі қатысушы: әрқайсысына 50% акция тиесілі «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ (Ресей) және «Самұрық-Энерго» АҚ (Қазақстан) мүддесін білдіреді:.

Екібастұз МАЭС-2 төмендегі негізгі сипаттамалары бойынша жоспарланды:

  • Белгіленген қуаты — 4000 МВт
  • Энергия блоктарының саны – 8 блок бойынша 500 МВт
  • Отын — Екібастұз көмір алабының күлі көп көмірі

Қолданыстағы МАЭС-2 сипаттамалары.

  • МАЭС-2 белгіленген қуаты 1000 МВт құрайды, қолда бары - 940 МВт.
  • «Электросила» К-500-240-4 ЛМЗ + ТВВ-500 турбо агрегаттары мен қазандықтары бар №1, 2 энергия блоктары.
  • 1990 және 1993 жылы Пп-1650-250-545/545 (П-57Р) ЗИО-Подольск пайдалануға енгізілді.
  • №3 энергия блогы үшін бас корпустың құрылыс бөлігінің 70%-ы 1993 жылға дейін орындалды. Инфрақұрылымның бір бөлігі толығымен аяқталды (салқындатқыш көл, суды химиялық тазалау станциясы, іске қосу қазандығы, теміржол инфрақұрылымы бар көмір қоймасы, күл үйіндісі).
  • Станцияны одан әрі даму қажеттігі мен мүмкіндіктері.

МАЭС-2 алаңында жаңа энергия блоктарын салуға объективті қажеттілік пен мүмкіндіктер бар, өйткені:

  • Екі блоктың жұмысы жеткізудің қажетті сенімділігін қамтамасыз ете алмайды;
  • Дайын инфрақұрылымның болуы, отын көздерінің жақын болуы жобаның өндіруші қуаттың  құрылыс жобаларымен салыстырғандағы бәсекелестік басымдығын қамтамасыз етеді.

www.gres2.kz

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng