«БұқтырмаСЭС» АҚ

«БұқтырмаСЭС» АҚ
Иелік ету үлесі
90%

«Бұқтырма суэлектростанциясы» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегіаумақтық комитетінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 1053 «Алтайэнерго» акционерлік қоғамынан қайта ұйымдастырылған «Бұқтырма СЭС» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысымен құрылды.

ҚР Үкіметінің 24.10.2006ж. №1020 «Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы» қаулысымен «Бұқтырма СЭС» АҚ-ның акциялардың мемлекеттік топтамасы акциялардың санын арттыру және орналастырылған акцияларды төлеу үшін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ға берілді. 29.12.2006 жылы Қоғам акцияларының мемлекеттік топтамасының меншік иесі «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ болды.

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің 17.09.2007 жылғы отырысында «Бұқтырма СЭС» АҚ-ның акциялар топтамасын жарғылық капиталын төлеуге «Самұрық-Энерго» АҚ-ға беру туралы шешім қабылданды. Осылайша, 2008 жылғы 4 қаңтарда «Бұқтырма суэлектростанциясы» акционерлік қоғамының меншік иесі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес тәуелді қоғамы болып табылатын «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы болды.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитетінің 25.02.1997ж. №176 қаулысымен «Бұқтырма суэлектростанциясы» АҚ-ның мүліктік кешені (өңірдің металлургия және тау салаларын қамтамасыз ету үішн бірінші кезекте салынған) «Қазцинк» АҚ-ға ұзақ мерзімді жалға (концессияға) берілді.

«Бұқтырма суэлектростанциясы» акционерлік қоғамының негізгі қызметі пайда түсіру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны акционерлер мен Қоғамның мүддесіне пайдалану болып табылады.

Бұқтырма СЭС-і 1968 жылғы 12 тамызда пайдалануға берілді. Бұқтырма СЭС-і Бұқтырма өзенінің сағасынан төмен 15 км, Зайсан көлінен алған Ертіс өзінінің басынан 350 км қашықтықта орналасқан. БСЭС бөгеті құрайтын тірек су бөгетінің ауданы 5490 кв.км, сыйымдылығы 49,6 млрд. метр куб болатын су қоймасын құрайтын 5-6 метрге жететін Зайсан көлінің табиғи деңгейлерін жабады.

www.bges.kz

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng