Украина Қазақстанның мультимегаваттық қатардағы жел қондырғыларына деген сұранысын қанағаттандыруға дайын

Украина ЭКСПО-2017 көрмесінде баламалы энергетика саласының 100 астам зерттемесі мен жобаларын таныстырды. Солардың ішінде - күн және жел энергетикасының жобалары, биомассадан алынатын энергия өндірісінің жобалары, микро және шағын ГЭС жобалары

Украина Қазақстанның мультимегаваттық қатардағы жел қондырғыларына деген сұранысын қанағаттандыруға дайын

Украина ЭКСПО-2017 көрмесінде баламалы энергетика саласының 100 астам зерттемесі мен жобаларын таныстырды. Солардың ішінде - күн және жел энергетикасының жобалары, биомассадан алынатын энергия өндірісінің жобалары, микро және шағын ГЭС жобалары. Бұл жобалармен ЭКСПО көрмесіндегі Украина секциясы ұсынып отырған интерактивті ақпараттық-іздеу жүйесі арқылы танысуға болады. Қазақстандық және әлемдік қоғамдастықтың украиналық зерттемелер мен жобаларға, әсіресе, жел энергетикасына деген зор бизнес-қызығушылығы табысты ынтымақтастықтың ары қарай дамуына деген үмітті күшейтіп отыр.

«Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымын ұлғайтудың келешегі айқын. Біріншіден, бұл сауда айналымының қалпына келтірілуіне байланысты, ал екіншіден, баламалы энергетика саласындағы ынтымақтастық үшін жаңа тауашалардың пайда болуы себеп. Украинаның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы бизнес белсенділікті арттыра түсті. Келесі жылы біз осыны тауар айналымының өскелең сандарымен растайтынымызға сенемін. Алғашқы қадам жасалды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі төрт украиналық зерттемені іріктеп алып, оны ел ішінде ары қарай қолдануды көздеп отыр. Бұл жалпы қуаттылығы 2 және 2,5 МВт «Фурлендер Виндтехнолоджи» компаниясының жел генераторлары, «PassiveDom» компаниясының дербес модульдік үйі, «Солар Гепс» фотоэлектрлі пердешелер және «Синеко» күн энергиясының шоғырлануы негізіндегі коллектор секілді жобалар», - деді ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Украина павильоны комиссарының қызметін атқарушы.  

Бүгінде Украина посткеңестік аумақтағы елдер арасында жел энергетикасы бойынша көшбасшы болып саналады. 2016 жылғы жағдай бойынша Украинадағы жел энергетикасы нысандарының жалпы қуаттылығы 437,7 МВт. Бұл Украинада қабылданған, тіпті, әлемдік өлшем бойынша, өте жоғары жасыл тарифтерге байланысты. Қазірдің өзінде ол өндірілген энергияның киловатт*сағ. үшін 10 еуроценттен де артық болып отыр. Оған қоса, Украина аумағында ЖЭК арналған құрал-жабдықтарды өндіруді ынталандырудың бонустық жүйесі қарастырылған. Егер құрал-жабдықтағы украиналық үлес 30% асса, тапсырыс беруші жасыл тарифке 5% мөлшердегі үстемеге, ал украиналық үлес 50% асқанда, 10% үстемеге ие болады.

Мысалы, «Фурлендер Виндтехнолоджи» украиналық компаниясы құрал-жабдықтарының жергілікті үлес дәрежесі 50% асып отыр, сондықтан оның тапсырыс берушілері үшін жасыл тариф электр энергиясының өндірген әр киловатт*сағ. жалпы алғанда 11,3 еуроцент құрайды.

«Фурлендер Виндтехнолоджи» украиналық зауыты – посткеңестік аумақта мультимегаваттық кластағы жел қондырғыларын өндіретін жалғыз кәсіпорын.

Компанияның ерекше мақтанышы – 2015 жылы «Самрұқ-Энерго» АҚ қазақстандық мемлекеттік көпсалалы энергетикалық холдінгісінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасында іске қосылған алғашқы заманауи жел паркі. «Фурлендер виндтехнолоджи» компаниясы жел паркін жобалау кезінде Солтүстік Қазақстанға тән -40º С бастап +40º С дейінгі кең температуралық диапозонда жұмыс істей алатын бірегей құрал-жабдықтарды қолданған. Ерейментау қ. орнатылған ЖЭС жалпы қуаттылығы 45,1 МВт құрайды. Жоба үшін әрқайсысының қуаттылығы 2,05 МВт құрайтын22 жел қондырғысы өндірілген.

expo2017astana.com

2017.08.16
2017.08.16

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng