АСТАНА ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесіне келушілер үшін «Самұрық-Энерго» АҚ стенді ашылды

«Самұрық-Энерго» АҚ Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келушілерді С4.6. корпоративтік павильонында орналасқан компанияның стендін тамашалауға шақырады

АСТАНА ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесіне келушілер үшін «Самұрық-Энерго» АҚ стенді ашылды

Бүгін, 2017 жылы 10 маусымда, «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрме жұмысы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ стендінің ашылу рәсімі өтті. Рәсімге мемлекеттік  ҚР Парламенттің депутаттары, мелекеттік органдардың, қоғамдық, «Атамекен» ҰКП, КЭА салалық қоғамдастықтар мен электр энергетикалық компаниялардың өкілдері қатысты.  

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қонақтарға арнап стенд бойынша тур өткізіп, компанияның Қазақстандағы төмен көміртекті технологияларды дамыту мен ендірудегі рөлі туралы айтып берді. 

«Астана Экспо-2017» халықаралық көрмесінің жаһандық серіктесі ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ экспозициясы «Табиғи көздер – таза энергия» деп аталады, ол келушілерге ЖЭК жобаларында іске асырылған баламалы энергетиканың әлеуеті туралы ақпарат ұсынады.

Қолданыстағы жел қондырғыларының ауқымын көрсету үшін гондола макетінің көрінісі жасалған, мұнда қуаты 300 мВт болатын Ерейментау жел паркін кеңейтудің алдағы кезеңдері бойынша бейнеролик көрсетіліп, ақпарат таныстырылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ стендінде жылына 16 ТВт-ға (тераВатт) жететін энергетикалық әлеует, ресурстар, энергия көздерінің түрлері және энергияға әлемдік сұраныс, Қазақстан Республикасының жаһандық энергия балансындағы орны туралы танымдық ақпарат орналастырылған. Адамзаттың энергияға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін энергияның жасыл және қазба көздерінің резервтері бойынша ақпарат өз алдына бөлек берілген.    

«Самұрық-Энерго» АҚ  Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келушілерді  С4.6. корпоративтік павильонында орналасқан компанияның стендін тамашалауға шақырады, жұмыс уақыты күн сайын 9.00-ден 21.00-ге дейін. 

2017.06.10
2017.07.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng