komplaens

Даурен Серикович Тулин

Қаржы секторындағы тәуекелдерді комплаенс саласында көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар маман

1982 жылы 23 маусымда Жамбыл қаласында (Тараз) туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Еңбек қызметін оқытушылық қызметтен бастады, одан әрі әр жылдары «Еуразиялық банк» АҚ, «СК Цесна Гарант» АҚ сияқты қаржы ұйымдарында комплаенс, қаржы мониторингі және корпоративтік басқару функцияларын дамыту және енгізу саласындағы жобаларда басшылық лауазымдарды атқарды.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

-      Қазақ гуманитарлық заң университеті, Құқықтану;

-     Transparency Кazakhstan жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебіне қатысу сертификаты;

-      Affiliate Member of the International Compliance Association;

-      Compliance and Internal Control in Banks, Банктердің және тәуекелдерді басқару жүйесінің ішкі бақылауы, Ernst & Young Academy of Business;

-      Financial Monitoring, Қаржы мониторингі, Ernst & Young Academy of Business;

-      Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (негізгі курс), «Қаржы академиясы» АҚ.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2021 жылғы 01 тамыздан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметінің басшысы болып тағайындалды.


«Комплаенс» (англ. compliance - сәйкестік) – бұл қағидаларды, заңдарды, саясаттарды және стандарттарды сақтау. Бірінші кезекте бұл әлемнің озық тәжірибеге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен байланысты.

«Комплаенс» қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ портфельді компанияларында қолданылатын комплаенс функциясының референстік моделіне және «Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметі туралы ережеге сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесіне ұйымдық және қызметтік тұрғыдан есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады. Қызметтің негізгі мақсаты Комплаенс бағдарламасын ендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі саясатты айқындау, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес және тәуелді компанияларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша іс-шаралардың іске асырылуына бақылау жасау болып табылады.
Қызметтің негізгі мақсаты Комплаенс бағдарламасын ендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі саясатты айқындау, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.

Сондай-ақ сіз "Комплаенс" қызметінің басшысына тікелей хабарлама жібере аласыз немесе сұрақ қоя аласыз

Invalid Input
Invalid Input
Invalid Input
Invalid Input