Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы

2018 жылы 24 қырқүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 27/18 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 23.12.1966 ж.

Білімі:
1991 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «экономист» мамандығы бойынша, Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық институтты «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 1991 жылы «Геосистема» ҒӨК ӨҚБ экономист, басшы болып бастаған. 1991-1993 жылдары – «Галакси» брокерлік фирмасының бас бухгалтері.
1993-1998 жылдары –«Асетан» АК директордың орынбасары, директор.
1998-2003 жылдары – «Golden Grain» Агроөндірістік корпорациясы» ЖШС президенті, «Golden Grain Group» ЖАҚ президенті.
2003-2004 жж. – Астана қаласы тұрғын-үй департаменті бастығының міндетін атқарушы, департамент бастығы.
2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі.
2005-2007 жылдары – «Алматы жер» МКК директоры.
2007 жылдан бастап – «Қазақстанның Эксимбанкі» АҚ Басқарушы директоры.
2007-2009 жылдары – «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
2009-2011 жылдары – Павлодар қаласының әкімі, 2011- 2016 жылдардағы кезеңде – Алматы қаласы туризм басқармасының бастығы.
2016- 2018 жж. – «Астық корпорациясы» ҰҚ» Басқарма Төрағасы.
2018 жылғы 25 мамырдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма бастығының міндетін атқарушы.
2018 жылғы 27 шілдеден бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы.
2001 жылы «Құрмет» орденімен наградталған.