Жәмиев Алмат Күнжолұлы

«Самұрық - Қазына» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және әдістеме департаментінің директоры.

2019 жылы 24 маусымда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен (№20/19 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 8 қараша 1979 жыл

Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ( 2001 ж. «Құқықтану»)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2003 ж. «Юриспруденция магистрі» )
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2005 ж. аспирантура)
Executive MBA дипломының иесі ( 2019 г. Назарбаев Университет, Жоғары бизнес мектебі (DUKE Univercity бірлескен бағдарламасы, АҚШ)

Жұмыс тәжірибесі:
1996 – 1997 жылдар – «Жанер» фирмасының референті, директордың көмекшісі, Астана қ.
2002 жыл - «Ақпарат-Ком» ЖАҚ заңгер-консультанты, Алматы қ.
2003 – 2004 жылдар – «АТФ Банк» АҚ кредиттерді қамтамасыз ету секторының маманы, «Қамтамасыз ету департаментінің» жетекші маманы, Алматы қ.
2004 жыл - «Қазақтелеком» АҚ Логистика қызметінің менеджері, Алматы қ.
2004-2005 жылдар - «Транстелеком» АҚ заң басқармасының бас маманы, Алматы қ.
2005 – 2008 жылдар – «Қазкоммерцбанк» АҚ заңгер-консультанты, жетекші заңгер-консультанты, филиал желілерінің кредиттер және кепілдер бөлімінің бастығы, Алматы қ.
2008 жыл – «Қазына» ОДҚ» АҚ менеджері, бас менеджері, Астана қ.
2008 – 2012 жылдар – «Самұрық-Қазына» АҚ Нормативтік-құқықтық жұмыстар департаментінің бас менеджері, Астана қ.
2012 – 2014 жылдар – «Самұрық-Қазына» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Астана қ.
2012-2014 жылдар – «Самұрық-Қазына» АҚ Бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Астана қ.
2016 жылдан қазіргі кезеңге дейін - «Самұрық-Қазына» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және әдістеме департаментінің директоры, Астана қ.
Компанияның, сондай-ақ компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етуі: иеленбейді.
Директорлар кеңесінің акционердің өкілдері болып табылатын мүшелеріне Директорлар кеңесінде жұмыс істегені үшін сыйақы төленбейді.