Қарымсақов Бейбіт Еркінбайұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма мүшесі. «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мүддесін білдіретін өкіл. 2019 жылғы 24 маусымда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№20/19 хаттама) «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 31.10.1962 ж.

Білімі:
1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірге;
2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген

Жұмыс тәжірибесі:
1990 – 1993 жж. – «Тянь-Шань» кооперативінің бухгалтері
1993 – 1996 жж. – Қордай аудандық қаржы бөлімі бюджет инспекциясының бастығы - меңгерушісінің орынбасары
1996 – 2014 жж. – Алматы қаласы және Алматы облысы салық органдарында басшылық лауазымдар
2014 - 2015 жж. – Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы
2015 -2018 жж. – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның Басқарушы директоры
2018 жылғы қаңтардан бері – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Қоғамның, өнім жеткізушілердің және бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Акционердің өкілі болып табылатын Директорлар кеңесінің мүшесіне Директорлар кеңесіндегі жұмысы үшін сыйақы төленбейді.