Бос жұмыс орындары бар екендігі туралы ақпарат

«Самұрық-Энерго» АҚ ұжымы – Қоғам алдында тұрған стратегиялық міндеттерге қол жеткізудегі негізгі буын және маңызды ресурс, табыс негізі әрі оның болашақтағы орнықты дамуының негізгі кепілі болып табылатын кәсібилер командасы.

Қоғам қызметкерлердің кәсіби дамуына мүмкіндіктер ұсына отырып, көптеген оқу бағдарламалары, мансаптық өсу және әлеуметтік қолдау арқылы персоналды басқару жүйесін жетілдіруге  айрықша көңіл бөледі.

Қоғамда персоналдың сапасын қамтамасыз ету үшін үміткерлерді бос орындарға конкурстық іріктеу рәсімдері іске асырылады, ол конкурстық іріктеуге қатысатын барлық үміткерлерге тең мүмкіндіктерді қарастырады.

Конкурстық іріктеу рәсімдері үміткерлердің қазақ және ағылшын тілдерін білу деңгейлерін, кәсіби білімдерін анықтау, сондай-ақ сұхбат жүргізу мен Конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өту түрінде ұйғарылады.

Кәсіби білімдерін бағалау тестілері бойынша шекті мән сұрақтардың жалпы санының кемінде 70 % дұрыс жауабын құрауы тиіс. Конкурстық комиссиямен әңгімелесуге тестілеу кезеңінен және біліктілігі бойынша сұхбаттан ойдағыдай өткен үміткерлер жіберіледі.

banner


© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng