«Самұрық-Энерго» АҚ-ның бизнесті трансформациялау бағдарламасы

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасы  2015 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында іске қосылды. «Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасын салтанатты іске қосу рәсіміне «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, Орталық трансформация командасының басшылары, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі, Басқармасы, корпоративтік орталығы құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты, Рәсім «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еліміздің әрбір бөлігінде орналасқан еншілес компанияларымен телекөпір режимінде жүргізілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы Қоғамның стратегиялық дамуының бизнес-модельдерін анықтауға мүмкіндік береді және Қоғамға «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2012-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясында көрсетілген сратегиялық даму мақсаттарына жету үшін берік платформа жасайды. 

Ішкі және сыртқы орталарды жүйелі өзгерту, сондай-ақ басқарушы компанияларға трансформация мен әлемдік тәжірибелерді ендірудің сәтті тәжірибесін қолдану арқылы Трансформация бағдарламасының мақсаттары мен тапсырмалары:

  • Қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ететін бизнес-үдерістер мен талаптарды стандарттау және оңтайландыру, үздік тәжірибелерді қолдану, тиімсіздікті анықтау және жою. Стандартталған бизнес-шешімдер (стандартты үдерістер, ақпараттық жүйелер, деректер және бизнес-рөлдер) аясында бизнес-үдерістердің қазіргі заманғы ұйымдастыру-әдістемелік жасақтамасын құру, ол Қоғамның барынша біріктірілуін және басқарымдылығын қамтамасыз етеді;
  • Әрбір бизнес-үдерісте тиімділіктің өлшенетін көрсеткіштерін ендіру және басқарудың операциялық та, жоғарғы деңгейінде де жүйелі өлшемдерді (метрикаларды) енгізу арқылы қызмет тиімділігін арттыру;
  • Бірыңғай ақпараттық кеңістік пен біріктірілген басқару жүйесін құру. Озық ақпарттық технологияларды пайдалана отырып, бизнес-үдерістерді автоматтандыру үшін платформа құру. Бөлімшелер мен еншілес кәсіпорындар – бизнес-үдерістерге қатысушылар арасында ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірыңғай қағидаттар, бірыңғай деректер және жалпы ереже негізінде жұмыс істейтін бірығай тігінен біріктірілген шешім құру;
  • Тұрақты жетілдірудің, сергектік, икемділік пен инновациялардың корпоративтік мәдениетін құру. Персоналды оқыту және жаңғырту үдерісіне қатыстыру, өзгерістерге қатыстыру мәдениетін бойға сіңірту.

Трансформация бағдарламасы негізінде үш басты бағыт бойынша қатар атқарылатын жұмыс бар:

  • Үдерістер – компания қызметін сипаттайтын бірыңғай, ашық, стандартталған үдерістік модель құру.
  • Технологиялар – автоматтандыруға жататын қызмет үдерістерін анықтау.
  • Адамдар – жаңа міндеттерді орындауға қажетті адамдардың машықтары мен құзыреттерін  талдау және олардың деңгейін көтеру.

Трансформациялау бағдарламасы қысқа перспективада мақсатты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған және өзара байланысты шаралар мен жобалар жинағын қамтиды. Бизнесті трансформациялаудың кешенді бағдарламасы – бұл өзгертулердің толық кезеңі:  health check басқару жүйесі, стратегиялық пайымдауды әзірлеу, үдерістер мен KPI-ді қою, ендіруден бастап ақырғы нәтиженің өзреістері мен оның жетістіктерін басқаруға дейінгі АТ-шешімдерді енгізу. Бағдарлама ұйымдастырушылық, әдістемелік, технологиялық аспектілерді пысықтауды, сондай-ақ өзгерістер бағдарламасын жеке басқаруды көздейді. Консалтинг синергиясы мен жүйелі біріктірудің арқасында бизнес-шешімдер операциялық тиімділіктің жоғарылауына және бизнес-ортаның өзгеруіне аса икемді әрекет ету мүмкіндігіне кепіл беретін Қоғам жұмысының барлық аспектілерін бақылау мен талдаудың кеңейтілген мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Трансформация бағдарламасының негізгі мақсаты – үздік әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, жоғары деңгейде корпоративтік басқарудың, қаржы және операциялық тиімділіктің бәсекелес және орнықты компаниясын құру.

Трансформация бағдарламасы – бұл бизнестің көшбасшысы болуға және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес үдерістерді өзгертуге бірегей мүмкіндік. Трансформация бағдарламасы – бұл істерді жүргізудің жаңа жолына бір қадам - жаңа мәдениет, жаңа философия, бизнесті жүргізудің жаңа деңгейі, тұрақты жаңару мәдениеті, адамдарды қатыстыру мәдениеті, мүдделілік және жауапкершілік.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng