Трансформацияның басталғаны хабарланды

2015.07.04
2015.10.12

2015 жылы 4 шілдеде Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформация бағдарламасын салтанатты іске қосу рәсімі өткізілді.

Старттық кеңес электр энергетикалық холдингінің еншілес және тәуелді кәсіпорындарының ұжымымен телекөпір режимінде жүргізілді.

Трансформация аясындағы мұндай іс-шараны өткізудегі жаңалық Алматы қаласынан Екібастұз қаласына дейін, Шығыс Қазақстаннан Ақтөбе қаласына дейін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еліміздің әрбір бөліктерінде орналасқан барлық еншілес компанияларымен бейнебайланысты тікелей трансляциялау болды. Онлайн режимінде тікелей байланыста болған барлық еншілес ұйымдарының қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформация бағдарламасының ресми басталғанын жариялады. Ө.Шөкеев трансформация «Самұрық-Энерго» АҚ үшін бизнес-үдерістердің тиімділігін жоғарылатуға және энергетикалық холдингтің экономикасын жақсартуға бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті. Келешекте портфельдік компаниялардың сыртқы қауіп-қатерлерге әрекет ету қабілеттілігі қайта құрулар қаншалықты сапалы және терең өткізілгенін көрсетеді.

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы 2007 жылғы 18 сәуірдегі құрылған сәтінен бастап қалыптасу және тұрақты жетілу жолын жүріп өтті. 8 жыл ішінде компания өзін барлық қауіп-қатерлерге білікті және шұғыл әрекет етуге дайын болуға тәрбиеледі, осының арқасында энергетикалық холдинг ауқымды қайта құру үдерісіне толық дайындықта аяқ басуда.

«Самұрық-Қазына» АҚ ұлттық әл-ауқат қоры мен оның барлық портфельдік компанияларының Трансформация бағдарламасы 2014 жылы қазан айында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен бастау алды.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng