«Самұрық-Энерго» АҚ-да «Диагностика және Дизайн» атты 1-кезең аяқталды

2 айдан соң жобаларды іске асыру немесе компаниядағы нақты өзгерістерді – «Ендіру» деп аталатын жобалар портфелін ендіру басталады

«Самұрық-Энерго» АҚ-да «Диагностика және Дизайн» атты 1-кезең аяқталды, трансформация командасы енді «Жоспарлау» деп аталатын 2-кезең бойынша жұмыс жасап жатыр. 2 айдан соң жобаларды іске асыру немесе компаниядағы нақты өзгерістерді – «Ендіру» деп аталатын жобалар портфелін ендіру басталады.

Жобалар портфелі (англ. project portfolio) — неғұрлым тиімді басқаруға қол жеткізу және ұйымның стратегиялық мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін біріктірілген жобалардың, жоба бағдарламаларының және басқа да жұмыстардың жиынтығы.

Қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» АҚ командасының «Самұрық-Қазына» АҚ Орталық трансформациясы командасымен 26 жобадан тұратын портфельді келісу бойынша кездесулер өткізуде. Олардың әрқайсысына кеңірек тоқталайық.  

  1. Біріктірілген жоспарлау жүйесі -  қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарды өндірістік-қаржылық модельдеу, қою және бақылау үшін.
  2. Жобаларды басқарудың бірыңғай жүйесі – ашық, бақыланатын және тиімді жобалау қызметі арқылы стратегиялық жоспарларды іске асыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін.
  3. ТМҚ қалдықтарын босату – күрделі жобалардан кейін шығыстарды оңтайландыру және ҚБҚКЖ-ны (қосалқы бөлшектерді, құралдарды және керек-жарақтарды) нысандандыру.
  4. Сатып алуларды санаттық басқару - «Самұрық-Қазына» АҚ тобы бойынша сатып алулардың тиімділігін арттыру, сатып алуларды басқарудың санаттық жүйесін ендіру, шығындарды азайту.
  5. Инфрақұрылымдық провайдер – трансформациялау бағдарламасын  инфрақұрылымдық қуаттармен қамтамасыз ету жүйесі, сонымен қатар Қордың АТ Саясатына сәйкес оңтайландыру және сервистер инфрақұрылымының сапалық тұрғыдан жаңа АТ-индустриясын құру.   
  6. АТ басқарудың жаңа моделін ендіру - COBIT5/ ITIL озық тәжірибесін ескере отырып, АТ басқару бойынша іске асырылған ITSSM жүйесі. 
  7. АҚ (ақпараттық қауіпсіздік) жаңа моделін ендіру – бизнес жүйелерге мониторинг жүргізу, сонымен қатар бұрыннан бар кемшіліктер мен қауіп-қатерлерді табу және оларға талдау жасау.
  8. SAP-пен байланысты стратегиялық келісімді іске асыру – Қор ПК-мен  SAP шарттар мен сублицензиялық келісімдер,  жасау, SAP ТҚ шарттарын жасау. ПК үшін OPEX (жалға беру) моделі бойынша SAP лицензиялар беру, ПК мен Қорды мейлінше төмен бағамен (прайстағы құнының 20%-ы, ТҚ құны лицензия құнының 17%-ы, ПК лицензиясын ауыстыру) қамтамасыз ету мақсатында  CCOE-ны құру және сертификаттау.   
  9. А сыныпты компанияларда автоматтандырылған үдерістерді ендіру (шаблонды оқшаулау) – автоматтандырылған үдерістер (бухгалтерлік есеп, салық есебі, сатып алуларды басқару, қорларды басқар, HR, портфельді басқару, жобаларды басқару).
  10. Мақсатты ұйымдық құрылымға көшу – ЖК мен ДК мақсатты ұйымдық құрылымына көшудің егжей-тегжейлі жоспары; Көшу жоспары Job Matching өткізу туралы бөлімнен тұрады.  
  11. Қордың жаңа сатып алу моделін ендіру – Сатып алу қызметін жетілдіру, санаттарды, қорларды жоспарлау, басқару. Шарттар мен жеткізілімдерді басқару. Сатып алу қызметіне бақылау жасау және мониторинг жүргізу.
  12. Бухгалтерлік есептің жаңа моделін ендіру – жеткізушілермен және мердігерлермен өзара есеп айырысуды, ТМҚ, есепке алу, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және күрделі құрылысты есепке алу, резервтерді, шартты міндеттемелер мен активтерді және т.б. есепке алу. Бухгалтерлік есеп үдерісін жетілдіру. 
  13. Салық есебінің жаңа моделін ендіру – Салықтық жоспарлау; салық міндеттемелерін орындау; салықтық бақылау; салықтық тәуекелдерді басқару.
  14. Басқару есебінің жаңа моделін ендіру – даму бағдарламасын іске асырудың жедел жоспарын құру (Жылдық жоспарлау). Жедел жоспардың орындалуына мониторинг және бақылау жүргізу. Нақты өзіндік құнды есептеу және шығындарды бөлу. Талдау және қызмет тиімділігін арттыру жолдарын іздеу.
  15. Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін ендіру – Тәуекелдерді басқару жүйесінің тұжырымдамасын әзірлеу/жетілдіру.Тәуекелдер бойынша бақылау іс-шараларын әзірлеу/ендіру.Қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарын тестілеу.  
  16. Стратегиялық жоспарлау мен тиімділікті басқарудың жаңа моделін ендіру – Компанияның Ұзақ мерзімді стратегиясын белгілеу/өзектендіру.  Орта мерзімді даму жоспарын әзірлеу/түзету. НҚК жүйесін басқару.
  17. Қазынашылықтың жаңа моделін ендіру – Өтелімділікті жоспарлау. Ақша қаражатын басқару. Банктермен өзара қарым-қатынасты басқару. Қаржыландыруды тарту. Құжаттамалық операцияларды басқару. Кредиттік рейтингілік агенттіктермен өзара іс-қимыл. Қаржылық және қаржылық емес ковенанттарға мониторинг жүргізу және басқару. Әдіснаманы жетілдіру.
  18. Персоналды басқарудың жаңа модельдерін ендіру – Кадрлық іс жүргізуді автоматтандыру. «Іздеу және іріктеу», «Қызметті бағалау», «Оқу және даму», «Сыйақыларды басқару», «Сабақтастықты басқару», «Корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік тұрақтылықты басқару» үдерістерін ендіру.
  19. Деректерді басқарудың жаңа моделін ендіру – Үдерістерді ендіру және автоматтандыру. Шебер-деректерді басқару, құжаттар мен контентті басқару, есептілік пен бизнес-талдауды басқару, метадеректерді басқару.
  20. Бизнес-бастамалар мен жобалар портфелін басқарудың жаңа моделін ендіру – Бизнес-бастамаларды жинау және талдау, құру және іске асырылуына мониторинг жүргізу, өзгерістерді басқару. Бизнес-бастамалардың жобалар мен портфельдеріне арналған әдіснамалық базаны басқару. Бастамашылық жасау. Жоспарлау. Іске асыру. Өзгерістерге мониторинг жүргізу және басқару. Жобаны жабу.
  21. Техникалық қызмет көрсету және жөндеулерді басқарудың жаңа моделін ендіру (ТҚжЖ) – Активтің техникалық жай-күйі туралы онлайн ақпарат. Нормативтер мен жабдықтардың құрылымданған деректер базасы. ТҚжЖ бөлігінде активтерді басқару бойынша тиімді стратегия. Жөндеу бойынша ақаулар мен жұмыстардың сараланған анықтамалықтары. Талап етілетін сенімділік негізінде жөндеу бойынша жоспарларды құру.
  22. Идеяларды, білімдер мен инновацияларды басқарудың жаңа үдерістерін ендіру
    1. Идеяларды, білімдер мен инновацияларды басқару жүйесін құру.
      1. Идеялар деректер-базасын құру – идеялар жинау үдерісін автоматтандыру.
      2. Инновациялық идеяларды бағалау әдіснамасын әзірлеу.
      3. Инновациялық идеяларды қорғау әдіснамасын (инновациялық идеялардың бастамашыларының құқықтарын) әзірлеу.
      4. Инновациялық идеялардың бастамашыларына сыйақы беру әдіснамасын әзірлеу.
      5. Компания ішінде Сараптама топтарын құру.
      6. Корпоративтік сайт негізінде компанияның инновациялық қызметі бойынша микро-сайт құру.             
    2. КО, ЕТҰ деңгейінде білімдерді және инновацияларды басқару үдерісін ендіру.
  23. 23.Сату үдерістерін дамыту және трейдингтің жаңа үдерістерін ендіру
    1. Сату және трейдинг блогының ұйымдық құрылымын, негізгі рөлдер мен міндеттемелерін әзірлеу
    2. Оңтайландырылған салық және құқықтық құрылымды анықтау
    3. Нормативтік өзгерістердің жол картасын әзірлеу және іске асыру. 
    4. Сату және трейдинг стратегиясын, сондай-ақ тауар тәуекелдерін басқару әдістемесін әзірлеу.
    5. Сегменттеріне байланысты өнімдер мен қызметтер бойынша ұсыныстар әзірлеу.
    6. Станцияларды жүктеуді оңтайландыру құралын жасау.
  24. Корпоративтік қаржыландыруды басқарудың жаңа үдерістерін ендіру – Бас компания деңгейінде қарызды шоғырландыру; Разработка и внедрение единой рейтинговой стратегии для группы компаний АО «Самрук-Энерго» АҚ компаниялар тобы үшін бірыңғай рейтингтік стратегияны әзірлеу және ендіру.
  25. Кешенді қауіпсіздікті басқару бойынша жаңа модельді ендіру – ақпарат кейінірек беріледі.
  26. Корпоративтік басқару бойынша жаңа модельді ендіру.
2016.11.02
2016.11.18

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng