«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасын жаңғырту жөніндегі кеңес өтті

2016.09.14
2016.09.22

Күн тәртібіне жол картасын іске асыру жағдайы мен «Диагностика және Дизайн» жобасының 1-ші кезеңінің ақырғы нәтижесі шығарылды

13 қыркүйекте «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасын жаңғырту жөніндегі кеңес өтті. Кеңес рекордтық мерзімде өткізілді. Барлық қатысушылар баяндамаларды әзірлеу мен Кеңес қарауына шығарылатын жұмыс нәтижелерінің деңгейі жоғары болғанын атап өтті.

Күн тәртібіне жол картасын іске асыру жағдайы мен «Диагностика және Дизайн» жобасының 1-ші кезеңінің ақырғы нәтижесі шығарылды.  

Қазіргі кезде, Трансформациялаудың Жол картасына сәйкес, 7 бақылау нүктесі аяқталды. Трансформациялау Жол картасының 20 бақылау нүктесінің жалпы санының 12-сі (БН) жұмыс үстінде және оларды аяқтау белгіленген мерзімдерге сәйкес жоспарланып отыр.

2016 жылғы 13 қыркүйектегі жағдайы бойынша аяқталған БН:

  • 1-ші БН Референстік модельдер алынды және оларды бейімдеу басталды.
  • 2-ші БН Компанияның деректерін басқару офисі құрылды.
  • 3-ші БН Демеушілік қызметтің жаңартылған моделі ендірілді.
  • 4-ші БН Қордың референстік модельдерін бейімдеу аяқталды.
  • 5-ші БН Басқару тәжірибелерінің мақсатты мәндерін әзірлеу аяқталды (OHI).
  • 7-ші БН Жобалардан кейін ТМҚ қалдықтары босатылды.
  • 8-ші БН Кәсіпорынның І кезекті бірыңғай анықтамалары құрылды (материалдар, қызметтер, жеткізушілер, клиенттер).

Олардың ішінде:

  • 6-шы БН Сатып алудың жаңа моделін іске қосу – 30.06.2016 жылдан 30.11.2016 жылға ауыстырылды.
  • 10-шы БН Сатып алуды категориялық басқару ендірілді – 31.08.2016 жылдан 30.11.2016 жылға ауыстырылды.

Қыркүйектің соңына дейін мыналарды аяқтау жоспарланды:

  • 12-ші БН Өндірістік-қаржылық модельдеу жүйесі ендірілді (КЖЖ).
  • 13-ші БН АТ сервисінің Инфрақұрылымдық операторға өтуі аяқталды.
  • 14-ші БН БЖ-ны лицензиялармен қамтамасыз ету бойынша сервистік модельге өту – Қордың ОТК командасы аяқталу нысанын белгілейді. 

1-ші кезеңнің ресми аяқталуын күтпей, трансформациялау командасы «Жоспарлау» жобасының 2-ші кезеңінің жұмысына белсенділікпен кірісті және қазіргі уақытта 2-ші кезеңнің мынадай негізгі нәтижелерін аяқтады: 

  • Жобалардың ұзын тізілімі - бекітілді
  • Мақсатты ұйымдық құрылымға өту жоспары - әзірленді
  • Жобалардың қысқа тізілімі - әзірленді
  • Деректерді басқару стратегиясын өзектендіру – әзірленді
  • Жобалардың бизнес-кейстері
  • Жобалар портфелі

Трансформациялау жөніндегі басқарушы директор А.В. Огай үлкен жетістікке команданың түгелдей ерік-жігер танытуының арқасында қол жеткізілгенін атап кетіп, командаға атқарылған жұмыс үшін алғыс айтты. Дегенмен, «Сату» 3-ші кезеңіне сапалы өту үшін алдыда әлі де көп жұмыс күтілуде.

Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобын жаңғырту жөніндегі кеңес туралы ереженің» 7-бабы  11-тармағының 5)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Кеңес ШЕШТІ:

  • Үдерістердің иесімен келісілген Бастамалар тізімінің нәтижесі бекітілсін;
  • Құзыреттің мақсатты моделінің нәтижесі бекітілсін;
  • CEO-5 деңгейге дейін мақсатты ұйымдық құрылым нәтижесі бекітілсін;
  • АТ, АҚ және деректерді басқаруды дамыту тұжырымдамасының нәтижесі бекітілсін;
  • АТ мақсатты архитектурасының нәтижесі бекітілсін;
  • ІТ стратегиясының нәтижесі бекітілсін;
  • «Диагностика және Дизайн» жобаларының 1-ші кезеңі аяқталды деп саналсын.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng