«Самұрық-Энерго» АҚ-да Жаңғырту бойынша кезекті кеңес өткізілді

Осы кездесудің ең негізгі тақырыбы – бұл Трансформациялау бағдарламасын іске асырудың ағымдағы мәртебесін бағалау

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Жаңғырту бойынша кезекті кеңес өткізілді. Бұл іс-шараға: «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Трансформациялау және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас  Илькявичюс, компанияның Төрағасы және Басқарма мүшелері, Қордың Орталық трансформациялау  командасының өкілдері, EY консультанттары және Бизнесті трансформациялау офисі командасының мүшелері қатысты.

Осы кездесудің ең негізгі тақырыбы – бұл Трансформациялау бағдарламасын іске асырудың ағымдағы мәртебесін бағалау.

«Бизнес шешімдер» блогының басшысы «Самұрық-Қазына» трансформациясының әдіснамасына сәйкес әзірленген және келешек компания қызметінің стратегиялық және операциялық құрамдастарын, сондай-ақ үдерістердің мақсатты архитектурасын белгілейтін «1-2-ші деңгейлі үдерістер картасы және бизнес-қағидаттар» нәтижесін ұсынды.

Қолдаушы үдерістерді (бухгалтерлік және салық есебі, қазынашылық, тәуекелдерді басқару, адам ресурстарын басқару және басқа) әзірлеу үшін Қор дайындаған референстік үлгілер қолданылды (10). Референстік үлгілерді ендіру таяудағы келешекте Қор компаниялар тобының қызметін стандарттауға және елеулі оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Кеңес «НҚК ағашының» құрылымын қарастырды. Ағаш – басқа стратегиялық НҚК-ның құрылымына енгізе отырып, EVA стратегиялық көрсеткішінің декомпозициясын басқарудың нақты тетіктеріне дейін операциялық деңгейге сызба түрінде көрсету. НҚК ағашы стратегиялық мақсаттарға қолжеткізу үдерістерін қадағалау үшін, сондай-ақ стратегиялық тапсырмаларды таңдау және олардың EVA негізгі стратегиялық көрсеткішіне әсерін түсіну үшін анықтамалық кітапхана ретінде қолданылады. Көрсеткіштер ағашын құрудың негізгі қағидаттары: шешімдерді қабылдаудың негізгі факторларына назар аудару, бағаның объективтілігі, нәтижеге деген жауапкершіліктің мөлдірлігі және келешекке бағдар ұстау.

Кездесудің бөлек тақырыбы – ұйымдық құрылымды құру мәселесі және Корпоративтік орталықтың (КО) рөлі. Қарастырылып отырған құжат ұйымдық құрылымды құрудың мақсатты қағидаттарын  және компанияның жаңа ұйымдастырушылық моделін әзірлеудің негізі ретінде КО-ның рөлін ұсынады.

Компанияның операциялық моделі үдерістердің мақсатты картасына және НҚК ағашына негізделе отырып, бизнес-бірліктер мен Корпоративтік орталық арасында жауапкершілік аймақтарын үйлестіруді көрсетеді.

Сондай-ақ, бірінші басшыны, басқарушы директорларды, құрылымдық бөлімшелер мен ЕТҰ-ның басшыларын, сондай-ақ барлық холдинг бойынша негізгі мамандарды қоса алғанда компанияның мүдделі тұлғаларын (МТ) бағалау бойынша есеп қарастырылды. Есеп негізінде ADKAR әдіснамасында (ағылшын тілінен аударғанда: ADKAR–awareness (хабардарлық), desire (тілек), knowledge (білім), ability (қабілеттілік), reinforcement (болған өзгерістердің қайтымсыздығы) негізделетін МТ қатыстырушылығын арттыру бойынша жоспар әзірленді. Өзгерістерді басқару блогының басшысы Н. Олжабайұлының айтқаны бойынша қатыстырушылық пен трансформацияны қолдаудың жалпы деңгейі жоғары.

 Жаңғырту жөніндегі кеңес басым дауыспен мына нәтижелерді бекітуді шешті:

  1. 1-2-ші деңгейлі үдерістер картасы.
  2. НҚК ағашының құрылымы.
  3. Мына нәтижелер назарға алынсын:

- Бизнес-қағидаттар.

- Кәсіпорынның мәліметтері бар НҚК ағашы.

- НҚК-ның салыстырмалы талдауы саланың үздік көрсеткіштеріне қарсы.

- Ұйымдық құрылымды құру қағидаттары және КО рөлі.

- Компанияның операциялық моделі.

- Мүдделі тұлғаларды бағалау туралы есеп.  

- Коммуникациялар жоспары.

Жаңғырту жөніндегі кеңестің келесі отырысы Бизнесті трансформациялау жөніндегі офис дайындаған 1-ші кезең бойынша жұмыс нәтижелерін қарастырады. 

2016.06.16
2016.06.24

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng