Тіршілік қабілетін арттыру жөніндегі калибрлік семинардың қорытындысы

2016.06.01
2016.06.08

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның корпоративтік орталығында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің басшылығымен Ұйымның тіршілік қабілетін зерттеу мен талдау қорытындысы бойынша Калибрлік семинар өтті

Тіршілік қабілетін арттыру жөніндегі калибрлік семинардың қорытындысы

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның корпоративтік орталығында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің басшылығымен Ұйымның тіршілік қабілетін зерттеу мен талдау қорытындысы бойынша Калибрлік семинар (OHI – Organizational Health Index) өтті. Кәсіпорынның тіршілік қабілетінің деңгейі 9 құрамдас бойынша анықталанынын есіңізге сала кетейік: Даму бағыты, Нәтиже үшін жауапкершілік, Үйлестіру және бақылау, Сыртқы ортамен өзара қатынас, Басшылық, Инновациялар және жаңаны игеру, Әлеуетті дамыту, Ынталандыру, Жұмыс жағдайы және корпоративтік құндылықтар. Бұл 9 құрамдас 27 басқарушылық әдістен (Басқару тәжірибесі) тұрады. Тіршілікке икемді ұйымдар ағымдағы жағдайға ғана бейімделе білу немесе маңызды проблемаларды шешу емес, олар жаңаларды игеру мен өзін үздіксіз дамыту білімін дамытады.

Трансформация командасы мен ЕҮ консультанттар командасының жүргізілген бірлескен жұмысының қорытындысын «Ernst&Young» командасы тарапынан Трансформациялау жобасының басшысы Глеб Химичев баяндады. Жүргізілген зерттеу туралы баяндамадан және дайындалған талдауды қарастырғаннан кейін семинарға қатысушылар: Басқарма Төрағасы, басқарушы директорлар және ЕТҰ-ның бірінші басшылары басқарудың барынша басым тәжірибелерін анықтады және оларды дамыту бойынша мақсаттар мен тапсырмаларды белгіледі.

Семинар жұмыс жағдайында өтті, оған қатысушылар командалық тәсілдемені және оның жұмысының нәтижелеріне қол жеткізуде жоғары қызығушылықты білдірді.

Семинар аяқталғаннан кейін Басқарма Төрағасы барлық қатысушыларға атқарылған жұмыс үшін алғыс айтты және Ұйымның тіршілік қабілетін жоғарылату (OHI) сияқты құралды ендіру қажеттігі мен маңыздылығына сенім білдірді.

OHI бойынша жұмыстардың келесі кезеңі – Калибрлік семинарға қатысушылар белгілеген басқару тәжірибесінің мақсатты мағыналарына қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу болып табылады.

Калибрлік семинардың нәтижелері:

  1. Басқарудың басым тәжірибелерінің (әдістердің) тізбесі бір жылға келісілді.
  2. Басқарудың басым тәжірибелері (әдістері) бойынша мақсатты тапсырмалар бір жылға келісілді.
  3. Басқарудың басым тәжірибелерін (әдістерін) дамытуға жауапты тұлғалардың тізбесі бір жылға келісілді.

Кейінгі қадамдар: басқару тәжірибелерін жетілдіру. 

shagi kaz

Тіршілік қабілетін бағалау жылына 1 рет жүргізіледі, қосымша жарты жылда 1 рет олардың даму серпінін бақылауды өлшеу мақсатында таңдалған басқару тәжірибелері бойынша ғана бағалау жүргізіледі.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng