Трансформациялау бағдарламасы аясында «өзгерістер жасаушы агенттерді» дайындау бойынша семинар өткізілді

Трансформациялау бағдарламасы аясында 2016 жылғы 27 мамырда «өзгерістер жасаушы агенттерді» дайындау бойынша семинар өткізілді

Трансформациялау бағдарламасы аясында 2016 жылғы 27 мамырда «өзгерістер жасаушы агенттерді» дайындау бойынша семинар өткізілді.

Бұл шараны «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіподағы және EY консалтингтік компаниясының қолдауымен трансформация командасының өзгерістерді басқару болгы (CMG) Астана қаласында ұйымдастырды.

Осы шараға қатысуға «өзгерістер жасаушы агенттердің» кәсіби және жеке басының қасиеттерін анықтайтын критерийлер бойынша іріктеу үдерісінен алдын ала өткен Қазақстанның он бес энергетикалық кәсіпорынынан 38 үміткер іріктелді.  

kaz

Семинар барысында қатысушылар халықаралық әдіснамамен және өзгерістерді басқару құралдарымен танысты, тиімді коммуникациялар және трансформациялау бағдарламасының қатысушыларын тарту технологиялары туралы хабардар болдыі, сондай-ақ алған білімді тәжірибелік жаттығулар мен командалық ойындар үлгісінде бекіте алды.

Өзгерістер жасаушы агенттерден өзгерістерді басқару әдістемесін түсіну және оны тәжірибеде қолдану ғана емес, трансформациялау бағдарламасын қолдау бойынша ақпаратты білу де талап етілетінін атап кету қажет. Бұл жергілікті жердегі әріптестермен өткізілетін өзгерістердің мәні туралы ақпаратпен жедел және шынайы алмасу үшін қажет.

Сондықтан, семинарда «Самұрық-Энерго» АҚ әзірлейтін бизнестің ақпарттық стратегиясы және моделі жасалатын мақсатты бизнес-үдерістер тақырыптары қосымша талқыланды. Сондай-ақ «өзгерістер жасаушы агенттер» Трансформациялау командасының жетекшісі Марат Иманбековпен танысты, ол трансформацияның бағыттраы мен бағдарламаның негізгі нәтижелері туралы айтты. 

2016 06 01 185931

Оқу қорытындысы бойынша барлық үміткерлер жазбаша тексеру тапсырмасын орындап шықты және Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор қол қойған Өзгерістер жасаушы агенттердің атаулы сертификаттарын алды.

2016 06 08 agetns kaz

 

Өзгерістер жасаушы агенттер барлық ЕТҰ-ларда трансформация бағдарламасы аясындағы өзгерістерді одан әрі жылжытуда негізгі рөлді атқарады және Холдинг басшылығы, жобалау командасы мен жергілікті жерлердегі қызметкерлер арасында делдал бола отырып, ЕТҰ қызметкерлерінің қатысу деңгейін арттыруға жауапты болады. 

 

2016.05.27
2016.06.08

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng