Компанияның тіршілік қарекетін арттыру мақсатындағы істер қолға алынды

2016.04.22
2016.04.22

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформация командасының «Өзгерістерді басқару» блогы еншілес ұйымдардың тіршілік қарекетін бағалау (OHI) бойынша ауқымды жұмыс атқарды

Компанияның тіршілік қарекетін арттыру мақсатындағы істер қолға алынды

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформация командасының «Өзгерістерді басқару» блогы еншілес ұйымдардың тіршілік қарекетін бағалау (OHI) бойынша ауқымды жұмыс атқарды.

CMG болгының (Өзгерістерді басқару) басшысы Найзабек Олжабайұлы EY компаниясының консультанты Данияр Сейтхожиннің көмегімен наурыздың 15-і мен 18-і аралығында Екібастұз қаласында болды, бұнда «Екібастұз 2- МАЭС станциясы» АҚ-да жұмыс жүргізілді. Наурыздың    24-і мен 25-і аралығында команда Мойнақ СЭС-інде (Алматы облысы), наурыздың 28-інде «Samruk Green-Energy» ЖШС-да (Алматы), ал наурыздың 29-ы мен 30-ы аралығында Шардара СЭС-інде (Оңтүстік Қазақстан облысы) болды.

Өзгерістерді басқару блогының басшысы Найзабек Олжабайұлы айтқандай, тіршілік қарекетін арттыру – бұл компанияның нарықтың сыртқы конъюнктурасына қалайша жедел әрекет етуге, жаңаруы, шешім қабылдауы мүмкін екенін көрсететін Бизнесті трансформациялау бағдарламасындағы «Диагностика және дизайн» 1-ші стадиясының негізгі нәтижелерінің бірі: әрбір компания үшін тіршілік қарекеті де, оның тиімділігі де өте маңызды. Соған қоса, тіршілік қарекеті – бұл ұзақ мерзімді көрсеткіш.

Тіршілік қарекетін бағалау қалай өткізіледі? – Әрбір компанияға қатысушыларға арнайы сауалнама беріледі, онда олардан компанияның бүгінгі жағдайы, оның саясаты, мәдениеті және тағы басқа туралы айтуды сұрайды. Бағалаудың екінші бөлімі компанияның барлық деңгейдегі қызметкерлерімен жеке сұхбаттар жүргізуді қамтиды. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша ағымдағы көрсеткіштерге және басқарудың қолданыстағы тәжірибелеріне талдау жүргізіледі. Одан кейін ең қолайлы операциялық модельдермен салыстыра отырып, бенчмаркинг жүргізілетін болады. Оның қорытындылары бойынша басқару тәжірибелерінің мақсатты мағыналарына қолжеткізу жөніндегі жоғары деңгейлік жоспар әзірленуі тиіс.

Қазіргі уақытта «Екібастұз 1- МАЭС» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «Екібастұз 2- МАЭС станциясы» АҚ, «Samruk Green-Energy»  ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ мен «Шардара СЭС» АҚ-да тіршілік қарекетін бағалау жүргізілді.

Алда «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығында тіршілік қарекетін арттыру бойынша осындай зерттеу жүргізіледі.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng