«Алматы электр станциялары» АҚ-дағы тіршілік қабілетінің индексін зерттеу

Ағымдағы жылы 1-ЖЭО құрылған күніне 80 жыл толғанын тойлады. Осы жылдар бойында станция қалаға тоқтаусыз жарық пен жылу беруде.

«Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының Өзгерістерді басқару блогы тіршілік қабілетіне бағалау жүргізу бойынша жұмыстарды жалғастырды және «Алматы электр станциялары» АҚ-дағы тіршілік қабілетінің индексін зерттеді. Қазіргі уақытта «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің саны 3000-нан аса адам деп есептелуде. «АлЭС» АҚ құрамына: 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, БЖК, Қапшағай СЭС, Каскад СЭС, ӨЖК, ОҚТО кіреді. Қазіргі уақытта «АлЭС» АҚ Алматы қаласының және Алматы өңірінің энергетикалық міндеттерін жүйелі шешуге мүмкіндік беретін 8 өндірісті біріктіреді.

Ағымдағы жылы 1-ЖЭО құрылған күніне 80 жыл толғанын тойлады. Осы жылдар бойында станция қалаға тоқтаусыз жарық пен жылу беруде. Каскад СЭС таудан аққан ағын суларды жинай отырып, шағын су электр станцияларының жылдар бойы сыналған құрылғыларының көмегімен оны электр энергияға аударатынымен белгілі. Осы жүйені құрған кезде тек азаматтық мамандар ғана емес, сол уақытта Алматы өңірінде болған жапон әскери тұтқындары да қатыстырылды. Қазіргі кезде Каскад СЭС – Іле Алатауының көркем аймағында орналасқан тау бөктеріндегі Алматы қаласының ең таза экологиялық өндірісі болып табылады.

«АлЭС» АҚ – кәсіби, ұйымшыл және дәстүрге берік ұжым.  

Ұжым СЭ АҚ командасын дайындықпен және қонақжайлылықпен қабылдады, ұйымның тіршілік қабілетін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін барлық мүмкін болатын ресурстарды ұсынды. 

2015.11.12
2015.12.07

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng