«Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-да тіршілік қабілеттілігіне бағалау

2015.10.28
2015.12.07

Жұмыстардың аяқталуына қарай калибрлік семинар жүргізілген болатын, оның барысында жұмыс нәтижелері ұсынылды, сондай-ақ компанияның тіршілік қабілетін жоғарылату үшін ұсыныстар берілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының Өзгерістерді басқару болгы «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-да тіршілік қабілеттілігіне бағалау жүргізді. Жұмыс тобының құрамында топ-менеджмент, орта топтың басшылары және желілік басшылар болды.

Екібастұз 1-МАЭС-тің алғашқы объектілерінің құрылысы 1974 жылы басталды. Бүкілодақтық құрылысқа Одақтан барлық жас мамандар келді. Екібастұз 1-МАЭС КСРО-дағы ғана емес, бүкіл әлемдегі ірі көмір жылу электр станцияларының есебіне кірген болатын.

Бізге Екібастұз 1-МАЭС-ті осы кәсіпорынның байырғы қызметкері, бас инженердің электр жөніндегі орынбасары Юрий Герульский аралатты. Өзгерістерді басқару тобы қаланың ең үлкен кәсіпорындарының бірін аралап көру бақытына ие болды.

«Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-да өткен нұсқаушы кеңесте Өзгерістерді басқару блогының басшысы Найзабек Олжабайұлы сөз сөйледі, ол кәcіпорынның тіршілік қабілетін бағалау аясындағы мақсаттар мен тапсырмалар туралы айтты, содан кейін қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді, ол зерттеудің бір бөлігі болып табылады. Келесі кезеңде Өзгерістерді басқару блогы сауалдама жүргізуге кірісті. Осы жұмыс аясында ұйымдағы қолданылып жүрген тәжірибелерге талдау жүргізілді және осыға сүйене отырып, нәтижелер негізінде қандай тәжірибелерді күшейту қажет екені туралы қорытындылар шығарылды. Жұмыстардың аяқталуына қарай калибрлік семинар жүргізілген болатын, оның барысында жұмыс нәтижелері ұсынылды, сондай-ақ компанияның тіршілік қабілетін жоғарылату үшін ұсыныстар берілді. 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng