«Самұрық-Энерго» АҚ-да ұйымның тіршілік қабілеттілігіне бағалау жүргізуге кірісті

«Самұрық-Энерго» АҚ трансформация командасының «Өзгерістерді басқару» блогы «Ұйымның тіршілік қабілетін бағалау және оны жоғарылату» атты тапсырманы іске асыруға құлшыныспен кірісті.

«Самұрық-Энерго» АҚ трансформация командасының «Өзгерістерді басқару» блогы «Ұйымның тіршілік қабілетін бағалау және оны жоғарылату» атты тапсырманы іске асыруға құлшыныспен кірісті.

Аталған жұмыс «Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының барлық топтары бойынша жүргізілетін болады және ол Екібастұз қаласында «Богатырь Көмір» ЖШС-да 2015 жылғы 5 қазанда басталды. Аталған жұмысқа компанияның басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және желілі басшылар қатысты. Барлық қатысушыларға арнайы сауалнамалар берілді, сауалнамаларда ұйымдағы істердің ағымдағы жағдайы, оның саясаты, мәдениеті, қабылданатын басқарушылық шешімдер және т.б. туралы айту сұралды. Бағалаудың екінші бөлімі жеке сұхбаттар өткізуден тұрды. «Богатырь Көмір» ЖШС ұжымы команданы құшақ жайып қарсы алды және зерттеуге қуана қатысты. Қатысушылар өндірісті жақсартудың әртүрлі заманауи тәсілдерін ендіру деңгейінің жоғары екенін ризашылықпен атап өтті (Lean 6 SIGM, Кайдзен және т.б.).

Аталған жұмыс аясында ұйымдағы қолданылатын басқару тәжірибелеріне талдау жасалады және осыған сүйене отырып, қандай тәжірибелерді күшейту немесе керісінше  әлсірету қажет екенін анықтауға болады, өйткені тәжірибелер компанияның тіршілік қабілетін жоғарылатуға кедергі келтіре алады. Тіршілік қабілетін бағалау кейбір ұйымдарға тиімдірек және тіршілікке қабілетті болуға, ал кейбіреулеріне өзгерістердің кешенді бағдарламаларын жүргізуге және табысты болуға көмектеседі.

2015.10.06
2015.11.16

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng