Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор А. Илькявичюспен «галстуксыз» кездесу

2015.09.24
2015.11.16

«Самұрық-Энерго» АҚ-да «Самұрық-Қазына» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор Адамас Илькявичюспен кездесу өтті.

Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор А. Илькявичюспен «галстуксыз» кездесу

«Самұрық-Энерго» АҚ-да «Самұрық-Қазына» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор Адамас Илькявичюспен кездесу өтті. Бұл кездесуге компанияның трансформация командасы бастамашы болды.

Кездесудің бірінші бөлігінде Адамас Илькявичюс өзі туралы, трансформациямен кәсіби тұрғыда айналысуды қашан бастағаны туралы аз ғана айтты. Қатысып отырған аудиторияны – бизнес-бөлімшелердің өкілдері мен трансформация командасының мүшелерін ескере отырып, А. Илькявичюс «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері туралы айтты, сондай-ақ оны уақытылы іске асыру жайына нақтылай тоқталды.

Аудиторияны қызықтырған негізі сұрақтардың ішінен мыналарды айтуға болады: Трансформация бағдарламасын іске асырудан күтілетін әсер қандай? Ұлттық компаниялар жұмыс орындарының қысқаруын күтуде ме? Компаниялар бизнесті жүргізудің коммерциялық және әлеуметтік құрамдас бөліктерін қалай бөлу керек? Қазіргі уақытта Қордың және «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік орталығының 6 портфельдік компаниясын қамтитын Тарнсформация бағдарламасының ауқымы немен түсіндіріледі?

Осы және басқа да мәселелерді талқылау бір жарым сағаттан сәл көбірек уақыт алды және қатысушылардың пікірінше, уақыттың өткені байқалмады, ал кездесуден барлығы рухтанып шықты.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng