Идеялар энергиясы! 27-28 тамызда «Самұрық-Энерго» АҚ трансформация командасы кәсіби фасилитация бойынша оқудан өтті

2015.08.27
2015.11.16

Жаңа технологиялар қызықтыруға, бірлескен шешімді тез табуға, қатысушылар арасында жауапкершілікті үйлестіруге мүмкіндік береді.

2015ж. 27-28 тамызда «Самұрық-Энерго» АҚ трансформация командасы кәсіби фасилитация бойынша оқудан өтті. Таңғаларлық жаңалықтар, ұмытылмас әсерлер, таң қалдыратын атмосфера! Қатысуышлар топпен жұмыс істеудің жаңа технологияларымен танысты. Жаңа технологиялар қызықтыруға, бірлескен шешімді тез табуға, қатысушылар арасында жауапкершілікті үйлестіруге мүмкіндік береді.

Сессияны Светлана Крутских өткізді. Команда қатысушылары бірге көптеген идеяларды тудырды, одан әрі түбегейлі пысықтау үшін олардың ең маңыздыларын таңдады. Ең бастысы: әріптестер әрбір ой-талқылауларынан кейін бір-бірімен алған әсерлерімен бөлісті және әртүрлі жағдайларда пайдаланған кезде не нәрсеге назар аудару керек екенін талқылады.

Фасилитация технологияларын ендіру жұмыста негізгі тапсырмаларды интерактивтік технологиялар арқылы шешуге көмектеседі. Фасилитация команданың жұмысын әлсін-әлсін күшейтуге, адамдарды еңбекке қызықтыруға, командадағы әр адамның жауапкершілігін күшейтуге көмектеседі. Қарастырылып отырған мәселеге терең бойлап, оны пысықтағаннан кейін қызметкерлердің өз компаниясына деген көзқарасы өзгереді, ол өзінің маңызы мен жауапкершілігін сезінеді. 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng