Алғашқы жетістіктер

24 шілдеде «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформация бағдарламасы аясында АТ диагностикасы бойынша бірінші есеп тапсырылды.

Алғашқы жетістіктер

24 шілдеде «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформация бағдарламасы аясында АТ диагностикасы бойынша бірінші есеп тапсырылды.

АТ-архитектурасының диагностикасы жөніндегі есепте компанияда қолданылатын қолданбалы және техникалық шешімдердің, деректер құрылымының, АТ басқару сервистері мен үдерістер ақпаратының жиынтығы туралы ақпарат бар. Аталған есеп компанияның жаңа АТ-архитектурасын жобалауға және құруға мүмкіндік береді, оның арқасында АТ-бөлімшелер қызметінің тиімділігі арттырылатын болады; бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, ендіру мен қолдауға арналған шығындар, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді сатып алуға арналған шығындар мен мерзімдер қысқартылады.

АТ архитектурасының диагностикасы үш бағыт бөлігінде жүргізілді: қосымшалар архитектурасы, деректер архитектурасы және технологиялық архитектура. «Самұрық-Энерго» АҚ-да пайдаланылатын тораптық және серверлік құрылғыларға, аппараттық-технологиялық кешендерге, қолданылатын бағдарламалық жасақтамаға талдау жүргізілді.

Бар архитектураның ең күшті жақтарының бірі компанияда дамыған желілік инфрақұрылымның болуын, ал нашар жағына –басқарушы және қамтамасыз етуші бизнес-үдерістерді автоматтандыру деңгейінің төмендігін жатқызуға болады.

Жұмыстардың келесі кезеңінде «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін барлық компаниялар тобы үшін АТ-архитектурасының ортақ тұжырымдамасы әзірленеді және АТ-ны автоматтандыру бойынша ұсыныстар жасалатын болады. 

2015.07.24
2015.11.16

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng