«Самұрық-Энерго» АҚ-дағы ақпарат күні

2015.07.02
2016.04.18

2 шілдеде «Самұрық-Энерго» АҚ-да құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, сондай-ақ компанияның еншілес және тәуелді ұйымдары үшін «Стратегиялық мақсаттарды трансформациялау бағдарламасымен интеграциялау» тақырыбы бойынша түсіндіру сессиясы өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ-дағы ақпарат күні

2 шілдеде «Самұрық-Энерго» АҚ-да құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, сондай-ақ компанияның еншілес және тәуелді ұйымдары үшін «Стратегиялық мақсаттарды трансформациялау бағдарламасымен интеграциялау» тақырыбы бойынша түсіндіру сессиясы өтті.

Іс-шараға қатысушылар Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев таныстырған «Өзгерістер негіздемесі» (Case for Change), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ Орталық трансформациялау командасы блоктарының басшылары мен «The Boston Consulting Group» консультанттары таныстырған бағдарламаның негізгі бағыттары туралы түсінік алды.

Осы уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» «Дайындық» 0-Стадиясын ойдағыдай аяқтады, енді «Диагностика және дизайн» 1- стадияға кіріседі.

Тартылған консультанттармен бірлесіп,  ағымдағы тәуекелдер мен болжамдарды (яғни интеграциялық бірлестіктердің бәсекелестіктерін күшейту, өндіріске қойылатын экологиялық талаптарды қатайту, жаңа технологияларды қарқынды датыму және персоналдың біліктілігін арттыру қажеттілігі және т.б.) ескере отырып, компанияның дамуының негізгі стратегиялық бағыттары әзірленді. Аталған тәуекелдердің жауабы компанияның өзінің «Генерация»; «Көмір»; «Жаңартылатын элетр энергиясы көздері»; «Сауда үйі» активтерін тиімді басқаратын Операциялық холдингке трансформациялануы болуға тиіс.  

Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Трансформациялау бағдарламасының бизнесте көшбасшы болу үшін және үдерістерді озық әлемдік тәжірибеге сәйкес қайта құруға бірегей мүмкіндік екенін атап өтті.

Іс-шараның соңында компанияның басқарушы құрамының әрбір өкілі А.Сәтқалиевтің қолынан тапсырмалардың бақылау нүктелері мен орындалу мерзімдері көрсетіле отырып, Трансформациялауға жеке қатысу жоспарын  алды.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng