22 маусымда «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформация командасына арналған Тимбилдинг өтті

2015.06.22
2015.11.16

«Адам жалғыз өзі істей алмайтын нәрсесін күш біріктірген кезде жасай алады. Ойың мен күшіңді біріктіру, оны бір бағытқа бағыттаудан асқан құдірет болмауы мүмкін». Американың мемлкеттік қайраткері Уэбстер Даниел.

Кездесу тақырыбы: «Антарктидада мен қалай тоңдым және күйдім! Командалық өзаратиімді іс-қимыл – жемісті жұмыс жасаудың негізгі шарты».

Корпоративтік шара Антарктидада түсірілген «108 сағат» атты еліктіргіш қысқа метражды фильмді қараудан басталды. Бүгінгі экспедицияға қатысушылардың бірі – «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформация командасының қатысушысы. Фильм 2011 жылы бірінші Қазақтан экспедициясының Оңтүстік полюске сапары кезінде түсірілген. 2 400 шақырым антарктикалық қар, жел мен мұзды үш автокөлікпен жүріп өтіп, команда 2011 жылғы 14 желтоқсанда Оңтүстік полюсті бағындырды. Антарктида жағалауынан құрлықтың ортасына дейінгі сапар бойында қиын-қыстау жолдың барлық қиындықтары мен қилы кезеңдері бейнетаспаға түсіріліп отырды, ал қиындықтар көп болды. Қарлы боран, тесілген дөңгелектер, мұз басқан бейне камералар. Далада минус 50 болғанда, тіпті ең дайындығы мықты техника да істен шығады. Бұл жетістік жүріп өту жылдамдығы мен қиындығы бойынша әлемдік жетістік ретінде Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілді. Адам алғаш рет құрлық жағалауындағы «Ново» аэродромнынан автокөлікпен бастау алып, Оңтүстік полюске рекордты 108 сағатта жетті.

Бұл фильм іс-шараға кіріспе секілді болды, ол командалық жұмыстың қаншалықты маңызды екенін және жалпы нәтиженің үйлесімді әрекеттерге тәуелді болғанын мысалдар арқылы көрсетті.  «Ұрыс даласында жалғыз адам жауынгер емес» - бұл мәтел шайқаста ғана емес, бизнесте де маңызды, бүгінгі күні әрбір қызметкер жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігі оның комнадада жұмыс істеуге және өзара қарым-қатынас құра алатынына және оған қаншалықты дайын екеніне байланысты.

Бұдан бөлек, іс-шараға қатысушылар өз әріптестерімен бейресми жағдайда араласа отырып, жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Аталған шара сөзсіз, біртұтас команда ретінде қызметкерлерді жақындастырып, жағымды энергия сыйлады. 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng