Трансформациялау бағдарламасы аясындағы таныстыру сессиясы

9 маусымда «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының басшылығы құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен бизнес-үдерістердің иелері үшін түсіндіру сессиясын ұйымдастырды

Трансформациялау бағдарламасы аясындағы таныстыру сессиясы

9 маусымда «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының басшылығы құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен бизнес-үдерістердің иелері үшін түсіндіру сессиясын ұйымдастырды. Кеңес барысында бизнес-үдерістердің иелері трансформациялау командасымен және өз бағыттары бойынша жауапты қызметкерлермен танысты.

«Өзгерістерді басқару» блогының жетекшісі Найзабек Олжабайулы таныстырылым өткізіп, өзара іс-қимыл жасау қағидаттарын, Трансформациялау бағдарламасы аясында жұмыстың қалай құрылатынын түсіндірді, сондай-ақ коммуникация деңгейлері мен тәсілдері туралы әңгімеледі.

«Интеграция» блогының жетекшісі Марат Иманбеков бизнес-шешімдерді әзірлеу бойынша таныстырылым барысында  интеграциялық блоктың мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.

АТ блогының жетекшісі Берік Оразов АТ блогы аясында, сондай-ақ басқа блоктармен интергациялану аясында  жүргізіліп жатқан ағымдағы жұмыстар мен әрі қарайғы жоспарлар туралы хабардар етті. Әдістемеге сәйкес, бизнес-үдерістерді автоматтандыру бизнес-үдерістер мен АТ архитектурасынан тұратын жүйені білдіретін кәсіпорын архитектурасы деп аталатын негізде іске асырылады.  

2015.06.09
2015.11.16

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng