«Самұрық-Энерго» АҚ трансформациялау командасын оқытудың бірінші кезеңі өткенін айтуға асықпыз

2015.05.06
2016.04.13

Табысты өмірге қабілетті бизнес сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге жедел жауап қайтаруы тиіс

Табысты өмірге қабілетті бизнес сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге жедел жауап қайтаруы тиіс. Көшбасшы мәртебесіне жету үшін одан да гөрі тиімді болу мақсатында ағымдағы саяси және экономикалық оқиғалар компанияның тым жедел жауап қатуын талап етеді.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ трансформациялау бағдарламасы электр энергетикалық және қаржы қызметтерін ұсыну мен қаржы қызметін жүзеге асыру бойынша озық мысалдарды ендіру мен ойдағыдай трансформациялау арқылы  Қоғамның стратегиялық дамуының бизнес-моделін анықтауға мүмкіндік береді және Қоғамның стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі үшін сенімді платформа құрады.

Қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» АҚ «Дайындық» 0 стадиясын ойдағыдай іске асырып жатыр. Бұл кезеңде бағдарламаның мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Команданы жұмылдыру ойдағыдай жүргізілуде. 

Сіздерге мамырдың 04-інен 05-іне дейін «Самұрық-Энерго» АҚ трансформациялау командасын оқытудың бірінші кезеңі өткенін айтуға асықпыз.  Сабақты «Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті трансформациялаудың орталық командасының сарапшылары өткізді. Қатысушылар бірталай  жаңа білім қорын алды, бірақ оқудан басқа  бизнесті трансформациялаудың орталық командасы әдістемелік бағытта айтарлықтай көмек көрсетеді. Мұндай интенсивті оқудың маңыздылығын Мұхамеджанова Мақпал былай деп атап көрсетті: «Семинарға қатысу Трансформациялау бағдарламасы бойынша көптеген маңызды әрі жаңа білім берді, біз көптеген теориялармен таныстық, оларды таяу арада жобалау қызметімізде қалдана алатын боламыз.  Мен жетекші ретінде басқарудың жобалық әдісінің келешегі зор екенін және оның Қоғамның негізгі операциялық қызметіне жақсы қосымша болып табылатынын, осы жұмысқа тартылған қызметкерлердің жасырынып жатқан әлеуетін ашуға, Қоғам қызметкерлерінің жаңа деңгейге шығуларына, тек командалық қасиеттерін көрсетуге ғана емес, сондай-ақ өздерінің жаңа қырларын ашуға да мүмкіндік беретінін түсінемін».

Команданың бүкіл сабақ бойында жемісті жұмыс жасағанын,  оқу тақырыптарының барлығына қатысқанын және қызығушылығын және оның тамаша нәтижелерін атап өткен жөн. Оқу барысында Трансформация бағдарламасы аясында қажетті іс-шараларға қатысты сұрақтар, команда мүшелерінің міндеттері мен қатысушылардың басқа да сұрақтары  қаралды.  

Екінші оқу сессиясы 12-13 мамырға жоспарланған, оның нәтижесінде «Самұрық-Энерго» АҚ трансформация командасының барлық мүшелері жоспарланған оқу курсынан өтетін болады.  

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng