Қоғамның Басқарма төрағасының арнау сөзі

Қоғамның Басқарма төрағасының арнау сөзі

2014 жыл «Самұрық-Энерго» АҚ үшін жаңа Компанияның ұзақ мерзімді Даму стратегиясын әрі қарай іске асырудың қажеттілігін растайтын сын-қатерлер кезеңі болды. Басқарма өндірістік және инвест­ициялық бағдарламаны орындауға, жобаларды іске асыруға және активтерді ұлғайтуға барынша жұмылдырылды.

Компанияның есепті кезеңдегі жалпы шоғырландырылған табысы 252,5 млрд теңгеден асты, бұл 2013 жылғы нақты табыстан 77 %-ға артық (142,9 млрд теңге). 

Есепті кезеңдегі шоғырландырылған қорытынды пайда 15 947 млн теңгені құрады, ол жоспардан 75 %-ға артық.

Қаржылық көрсеткіштер теңгенің айырбас бағамының өзгеруіне, Екібастұз ГРЭС-1-дің 50 % үлесін сатып алу бойынша мәміленің аяқталуына және электр энергиясына коммерциялық сұраныстың төмендеуінің жалпы үрдісіне байланысты. Бұған қоса, рубль бағамының күрт құлауы көмірді экспортқа шығарудан түсетін табыстан көрінді және 4-тоқсанда РФ-ға электр энергиясын жеткізуді тоқтатуға алып келді.

Әлемдік экономикада құлдырау мен жағымсыз үрдістер байқалған жағдайда Компанияның стратегиясы практикалық тұрғыдан тұрақтылыққа ие болды. Энергия көздеріне бақылау жасаудың арқасында «Самұрық-Энерго» АҚ нарық конъюнктурасына жедел жауап қайтарып, тұтынушылар үшін электр энергиясы құнының арзандауына ықпал етті. 

2015 жылы ақпанда «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, ал одан кейін «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ шекті тарифтер бойынша бұрын белгіленген босату бағасын кВт/сағ. үшін 8,8-ден 8,65 теңгеге азайтты. Бұл шара ішкі нарықта өнеркәсіптік және бөлшек сауда секторындағы тұтынуды ынталандыруға мүмкіндік береді, бұл электр энергиясын экспорттауды қысқартудан болатын шығынды өтейді.

Бүгінгі таңда белгіленген және қолда бар қуаттың арасындағы үлкен алшақтық туралы бірнеше жыл бұрын ғана айтылса да, Қазақстанның қуат өндіру секторында қуаттың артық өндірілуі байқалады. 2009 жылы шекті тарифтерді енгізу қуат өндіруші жабдықтарды жаңғырту бойынша ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ЭӨҰ-ға толыққанды тетік ұсынды. 2015 жылы «Инвестицияның орнына – тариф» бағдарламасы бойынша компанияның инвестициясы 500 млрд теңгеге жеткізілді.

Аталған бағдарлама аясында 2009-2014 жылдар кезеңінде «Екібастұз ГРЭС-1» АҚ-да қуаты 500 МВт № 2 және № 8 энергия блоктары қолдануға берілді, Екібастұз ГРЭС № 2-де қазандық агрегаттарының беті ауыстырылды. Энергия өндіруші қуаттарды қалпына келтіруден бөлек, шекті тарифтер есебінен қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайтатын жобалар іске асырылды. Мысалы, Екібастұз ГРЭС-теріндегі көмір күлінің шығарындылары алты есеге азайды, ал тозаңдылық көрсеткіші енді бұрынғы 2 620 мг/м3 орнына 400 мг/м3-ден аспайды.

Сөйтіп, шекті тарифтерді қолдану бағдарламасы өндіріс объектілерінде жұмыс істеп тұрған қуаттарды сақтап қалуға ғана емес, сонымен бірге электр энергиясына шығыстарды үнемдеу тиімділігіне қол жеткізуге, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар көлемін азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берген оң нәтижелерді берді.

Компания еңбекті қорғау мәселелеріне, сондай-ақ қолайлы психологиялық ахуалды ұстап тұруға басым мән бөлуді жалғастырады. 2014 жылы технологиялық авариялар мен жарақат алу оқиғалары санының айтарлықтай азаюы байқалды. Әлеуметтік тұрақтылық рейтингінің көрсеткіштері де 2013 жылғы 63 % - дан 2014 жылғы 69 % - ға дейін жақсарды, ол «ортадан жоғары» деңгейдегі рангтік шәкілде қалады.

2015 жылғы экономикалық жағдай бойынша жасалған болжам туралы айта отырып, компания инвестицияға жұмсалатын шығыстарды 28 146 млн теңге (23 %) сомасына және ағымдағы шығыстарды жалпы сомасы 10 824 млн теңгеге (6 %) оңтайландыруды жоспарлап отыр. 2-МҮИИДБ, «Нұрлы жол» бағдарламасының ірі және маңызды жобаларын, EXPO-2017 көрмесінің объектілерін іске асыруға инвестициялық бағдарламаны қысқартудың қатысы болмайды.

Мұндай қысқарту біздің шығындарымызды оңтайландыру, инвестициялық жобалардың бір бөлігін неғұрлым кейінірек уақытқа ауыстыру болып табылады. Жалпы алғанда, бұл біздің кәсіпорындарымыздың жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді және бизнесті трансформациялау бағдарламасына сәйкес келеді.

Оңтайландырудың әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларға қатысы болмайды. «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы бойынша 2015 жылы жұмыс орындарының саны сақталады, жұмыс берушінің қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жасалған ұжымдық шарттар аясындағы міндеттемелері толық орындалатын болады.

Нарық талаптары мен экономикалық жағдайға қарамастан, Қоғам қатысушы өңірлердегі әлеуметтік мекемелерге қолдау көрсетуге, қоршаған ортаны қорғау, жас ұрпақты дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөледі.

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng