Жекешелендіру

  1. Активтерді сатудың бірыңғай қағидасы
  2. ҚР Үкіметінің қаулысы
  3. Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесі /регламент/
  4. Конкурстық құжаттамасы

2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) «Самұрық-Энерго» АҚ тобының ұйымдарын бәсекелес ортаға беру көзделді.

Қаулыны орындау үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басым тәртіпте бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын иелік етуі және (немесе) пайдалануы және (немесе) билік етуі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсерін тигізетін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ірі еншілес тәуелді компанияларының тізілімін (№ 1 тізілім), сондай-ақ бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын компаниялардың тізілімін (№ 2 тізілім) бекітті.

№ 1 тізілімге «Самұрық-Энерго» АҚ-ның төмендегі активтер енгізілді:

  • «АлЭС» АҚ;
  • «АЖК» АҚ;
  • «АЭС» ЖШС;
  • «Ақтөбе ЖЭО» АҚ;
  • «ШҚ АЭК» АҚ (оның құрамында «Шығысэнерготрейд» ЖШС бар);
  • «МЭБК» АҚ;
  • «Тегіс Мұнай» ЖШС (оның құрамында «Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС бар).

№ 2 тізілімге «Самұрық-Энерго» АҚ-ның төмендегі активтер енгізілді:

  • «Карагандагипрошахт и К» ЖШС;
  • «Шелек-28» ЖШС.

Активтерді сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және  дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы меншік құқығымен «Самұрық - Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін іске асыру, қайта құрылымдау бірыңғай ережеге сәйкес (бұдан әрі - Ереже) жүзеге асырылады.

Ережеге сәйкес № 1 тізілімінің активтерін сату активтердің құнын, сату тәсілдері мен шарттарын бағалау үшін тәуелсіз консультанттарды тарту арқылы жүзеге асырылады.

Активтерді жекешелендіруге қатысу мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ мекенжайына сатып алуға мүдделілік бар компанияларды көрсете отырып, ресми өтініш жіберу қажет. Өтінішке өтінім берушіге қатысты қызмет бейіні көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ құқық белгілеуші құжаттарды (заңды тұлғалар үшін тіркелгендігін растайтын; жеке тұлғалар үшін төлқұжат деректері) қоса жіберу керек.

Активтер туралы қысқаша ақпарат

Р/с

Активтік атауы Меншік иесі Қызметтің түрі Орналасқан орны
1 «Ақтөбе ЖЭО» АҚ  «Самұрық-Энерго» АҚ Электр және жылу энергиясын өндіру, электр станцияларын, электр желілерін және қосалқы станцияларын пайдалану.

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.,

312-ші Атқыштар дивизиясы даңғылы, 60

2 «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компания» АҚ, соның ішінде «Шығысэнерготрейд» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша электр энергиясын тарату және бөлу

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы,

Өскемен қаласы,

Бажов к-сі, 10.

3 «Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ 1) "Самұрық-Энерго" АҚ (94,26%)

Маңғыстау облысы бойынша электр энергиясын бөлу және тарату, құрылғылардың, қондырғылардың,

құрылыстар мен тарату құрылғыларының сенімді, үздіксіз жұмысын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы,

Ақтау қаласы, Құс фабрикасы ауданы,

а/ж 250

4 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ Электр энергиясын бөлу және тарату Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Манас 24б.
5  «Алматы Электр Станциясы» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ Электр және жылу энергиясын өндіру және оны Алматы қаласы және Алматы облысының тұтынушыларына тарату

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

Достық д-лы,7

6 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әйтеке би д-лы, 172/173
7 «Тегіс Мұнай» ЖШС, соның ішінде «МАҢҒЫШЛАҚ МҰНАЙ» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ Геологиялық барлау, минералдық ресурстарды өндіру және өңдеу Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрлыбаев к-сі/Сызғанов к-сі, 31/102 үй


Қосымша ақпартты мына телефондар бойынша:

8 (7172) 55 31 34; 8 (7172) 55 30 47, сондай-ақ компаниялардың сайттарынан алуға болады:


Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng