Астана қаласында тұратын соғыс ардагерлеріне арнап қаражат жинап, құрмет көрсетуге шешім қабылданды

Ұлы Жеңістің 7 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері де Ұлы Отан соғысының қатысушыларына бүгінгі бейбіт өмір мен ашық аспан үшін сый-құрмет көрсетті.

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкері, «Самұрық-Энерго» АҚ-ғы «Нұр Отан» партия тобының хатшысы Нариман Ақыловтың бастамасымен Астана қаласында тұратын соғыс ардагерлеріне арнап қаражат жинап, құрмет көрсетуге шешім қабылданды. Бұл акцияға үн қосқан компания қызметкерлері жалпы сомасы 300 мың теңгедей ақша жинады. Қалалық Ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, аталған акцияға қытысу үшін үш ардагер анықталды.

Олардың арасында Нұршида Шәріпқызы Ахметова да бар. Соғыс жылдарында 4-Украин майданындағы ІІХК-ның (СМЕРШ) барлау бөлімі жанындағы медициналық бөлімде қызмет етті. Жеңіс күнін Чехословакияның «Морав аралдарында» қарсы алды. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалімен және Қазақстан мен Украинаның көптеген мерейторлық наградаларының иегері.
Бораш Күлдейұлы Күлдеев соғыс жылдары Ленинград майданындағы дивизиялық барлау ротасында радист болып қызмет еткен. Соғысты 1943 жылы бастап, 1944 жылдың шілдесінде ауыр жараланып, аяқтаған. 1 және 2 дәрежелі Отан соғысы ордендерінің кавалері, «Ерлігі үшін» меделі бар.
Тұрысбек Садықов, теңіз жаяу әскері. 1942 жылдың сәуірінен бастап 1945 жылғы Жапонияның толықтай тізе бүзуіне дейінгі аралықта «Жапон соғысында» жүріп өтті. 1949 жылдың соңында, көтерілісшілермен күрес аяқталғаннан кейін ғана елге оралған. Соғыстың 8 жылын Қиыр Шығыста, Хабаров өлкесі мен Жапонияда өткізді. Көптеген орден-медельдары, наградалары мен грамоталары бар.
9 мамыр қарсаңында ҰОС ардагерлерінде қонақта болған «Самұрық-Энерго» АҚ ұжымының өкілдері оларға өздері жинаған қаржыларын табыс етіп, майдангерлерді құттықтады. Сондай-ақ «Энергетиктер кәсіподағы» ҚБ қолдау көрсетуімен азық-түлік себеті де тапсырылды. Соғыс ардагерлерімен әңігмелескен компания өкілдері ең бастысы, фашизммен болған қиян-кескі айқастағы Ұлы Жеңістің қандай күшпен, адам сенбес жанқиярлық пен талқыға түскен адам тағдырлары арқылы қол жеткенін ұмытпауымыз керек деп атап өтті.
Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ компания қызметкерлері арасында Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған ең үздік эссеге байқау жарияланды. Ресми сайттың «Ұлы Отан соығысына арналады...» бөлімінде біздің энергетиктеріміз дайындаған естеліктер, мақалалар мен әңгімелер жариялануда. Осылайша, сіздердің әрқайсысыңыздың осы ұл мерекені атап өтуге ат салысуға, өз тарихтарыңызбен бөлісіп, біздің қазіргі бейбіт өміріміз үшін шайқасқан аталарыңыздың өмір жолдары жайлы айтып беру мүмкіндіктеріңіз бар.

2015.05.19
2015.09.29

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng