Корпоративтік орталық қызметкерлері арасында бильярдтан (пирамида) ІІІ турнир өтті

2015 жылы 30 мамырда «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының 8 жылдығына орай «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» ҚБ ұйымдастыруымен корпоративтік орталық қызметкерлері арасында бильярдтан (пирамида) ІІІ турнир өтті.

Турнирге қатысуға 25 қызметкер өтінім берді, Мықты ойыншыны анықтау үшін қатысушылардың топқа бөлініп, ширек финалда, сондай-ақ финалда ойын өткізуіне тура келді.

Барлық қатысушылар бильярд ойнаудан жақсы машықтарының бар екенін, жеңіске ұмтылуда спорттық ерік-жігерлерінің мықтылығын көрсетті. Финалда Исенов Бағлан (Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас директор) мен Айдар Нұрғалиевтің (Корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері) арасындағы бірінші орын үшін талас турнирдің ең бір айшықты сәті болды. Қызу сайыста Айдар Нұрғалиев жеңіске жетті, ал үшінші орынға  Ержан Салханов (Технологиялық даму департаментінің бас менеджері) лайықты болды .

Барлық жүлдегерлер «Самұрық-Энерго» жергілікті  кәсіподағы»  ҚБ-ның естелік грамоталарымен, ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Өткізілген турнир «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы ұжымының корпоративтік рухын арттыру бойынша тұрақты өткізіліп тұратын жұмысының тағы бір көрнекті мысалы болды. Турнирге қатысушылар сондай-ақ ұйымдастырушыларға алғыстарын және мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өткізу туралы өздеріні

«Самұрық-Энерго» жергілікті  кәсіподағы» ҚБ

2015.06.05
2015.09.29

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng