Алтынға бір-ақ қадам

Самұрық-Энерго – «Самұрық-Қазына» АҚ ІІІ Спартакиадасының күміс жүлдегері. Таза жеңіске команданың бір ғана ұпайы жетпей қалды.

20 қыркүйекте Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында ІІІ Спартакиада аяқталды, Спартакиадаға 19 команда қатысты.

armresling-muzhchiny-svyshe-80-kgarmresling-zhenshchiny-do-65-kgarmrestling-do-80-kopiyaarmrestling-zhenshchiny-svyshe-65-kopiyaobshchaya-2-mestoobshchekomandnoye-mestoshakhmatistytennisistki

Жалпыкомандалық қатысу қорытындылары бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ құрамасы 1 ұпай артта қалып, 136 ұпаймен 2-орын алды. Самұрық-Энерго жасағы «Алатау Жарық компаниясы» АҚ, «Богатырь-Көмір» ЖШС, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, ЭГРЭС-1 және ЭГРЭС-2 қызметкерлерінен құрылған болатын.

Жарыс спорттың 5 түрі бойынша өтті: мини-футбол, волейбол, армрестлинг, үстел теннисі және шахмат. Спартакиаданың туы астында: мұнайшылар, теміржолшылар, атомшылар, энергетиктер, тау-кен, химия, әуе саласының еңбекшілері жиналды. Жүлделі орындар үшін күресте «Самұрық-Қазына» АҚ тобының 19 компаниясының 280-нен астам қызметкері қатысты. Бас-аяғы 72 комплект медаль ойналды.

Қатысу қорытындылары бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль түсті. Армрестлинг бойынша жарыстың үздіктері - богатырлықтар 65 кг дейін салмақ категориясында Татьяна Богдашина мен 80 кг жоғары салмақ категориясында Алексей Сазонов, сондай-ақ мини-футбол бойынша Самұрық-Энерго құрама командасы болды. Үстел теннисі ойыны үшін «Богатырьлық» Екатерина Ережепова, 65 кг жоғары салмақ категориясында армрестлинг бойынша күресте «Богатырьлық» Инесса Суханова және 80 кг салмағында «ЭГРЭС-2» ЖШС-дан Нұрдан Өміржанов күміс медаль алды. «Ақтөбе-ЖЭО» ЖШС-дан шахматшы Дмитрий Попов күміс медальді иеленді. Волейбол бойынша «Самұрық-Энерго» құрама командасы, үстел теннисі бойынша Богатырьлық Константин Сенич қола медаль алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 

2015.09.25
2015.10.12

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng