«Самұрық-Энерго» АҚ III Спартакиадасының қорытындысы туралы

16-17 қыркүйекте «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында Басқарма Төрағасының Кубогына III Спартакиада өтті. Спорттық сайыстар 5 спорт түрі бойынша өтті: мини-футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және армрестлинг.

16-17 қыркүйекте «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында Басқарма Төрағасының Кубогына III Спартакиада өтті. Спорттық сайыстар 5 спорт түрі бойынша өтті: мини-футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және армрестлинг. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы үшін спартакиада дәстүрлі түрде өткізілуде. Аталған шараға еншілес компаниялардан 13 командадан 250-ге жуық қызметкер қатысты.

- Мұндай сайыстарды өткізу – біздің компания жүргізетін әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Компания мен еншілес ұйымдардың басшылығы және кәсіподақ комитеттері бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен көңіл бөледі, - деп атап өтті Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қаныш Молдабаев.  

Спартакиадаға қатысушылардың барлығы да жеңіске деген құлшыныс танытқандықтан, «Назарбаев Университет» ААҚ спорт кешеніндегі екі күн сайысқа қатысушылар мен жанкүйерлер үшін көзді ашып жұмғанша тез өтіп кетті.

- Спорт кез келген адамның мінезін шыңдайды, қиындықтарды еңсеруге көмектеседі. Кәсіпорында спорпен шұғылданатындар да басқа қызметкерлерге, соның ішінде жастар үшін де әрдайым үлгі болуда, - дейді сайысқа қатысушылар.

Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар мынадай түрде бөлінді. Басқарма Төрағасының Кубогын және бірінші орынды «Богатырь-Көмір»ЖСШ командасы иеленді. Олар Спартакиаданың үш мәрте жеңімпазы атанғанын атап өткен жөн. «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы жүлдені оның тұрақты иелері «батыр»-спортшыларға тапсыруға шешім қабылдады. Екінші орында – «Екібастұз МАЭС-1 станциясы» ЖШС. Үшінші орында – «Алматы электр желісі» АҚ командасы. Осы компаниялардың өкілдерінен «Самұрық-Қазына» Қоры спартакиадасында компанияның намысын қорғайтын «Самұрық-Энерго» АҚ құрамасының негізі қаланды.    

Салтанатты марапаттау шарасында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлерге естелік медальдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді. 

III Спартакиаданың нәтижесі бойынша «Самұрық-Қазына» Спартакиадасына қатысатын құрама қалыптасатын болады.

Спорт түрлері бойынша нәтижелер

Волейбол: алтын медаль – «АЖК» АҚ, екінші орында «Самұрық-Энерго» командасы, қола медаль - «Богатырь-Көмір» ЖШС.

Мини-футбол бойынша «Богатырь-Көмір» ЖШС командасы көш бастады, күміс медаль иегері – «Екібастұз МАЭС-1 станциясы» ЖШС, қола медаль – «Алматы электр станциясы» АҚ.

Үстел теннисі бойынша ерлер арасында:

1-орын – К. Сенич («Богатырь-Көмір» ЖШС)

2-орын – А. Ермұрзаев Айғали («АлЭС» АҚ)

3-орын – С. Тищенко («Екібастұз МАЭС-1 станциясы» ЖШС).

Үстел теннисі әйелдер арасында:

1-орын -  Е. Ережепова («Богатырь-Көмір» ЖШС)

2-орын - Н. Рукосуева («Алматы электр станциясы» АҚ)

3-орын - Л. Валидина («Ақтөбе-ЖЭО» АҚ)

Армрестлинг ерлер арасында:

80 кг дейінгі салмақ санатында :

1-орын - Н. Өміржанов («Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ)

2-орын - Т. Ильясов («Богатырь-Көмір» ЖШС)

3-орын - М. Серікбаев («Мойнақ СЭС» АҚ)

80 кг жоғары салмақ санатында:

1-орын - А. Сазонов («Богатырь-Көмір» ЖШС)

2-орын - В. Килясов («Екібастұз МАЭС-1 станциясы» ЖШС)

3-орын - Д. Өмеков («Алатау жарық компаниясы» АҚ)

Армрестлинг әйелдер арасында

65 кг дейінгі салмақ санатында:

1-орын - Т. Богдашина («Богатырь-Көмір» ЖШС)

2-орын - С. Ади («Алатау жарық компаниясы» АҚ)

3-орын - Т. Антон («Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ)

65 кг жоғары салмақ санатында:

1-орын – И. Суханова («Богатырь-Көмір» ЖШС)

2-орын – Е. Кремер («Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ)

3-орын – Ж. Кенжебаева («Мойнақ СЭС» АҚ)

Шахмат әйелдер арасында:

1-орын – Г. Қабылшаитова («Екібастұз МАЭС-1 станциясы» ЖШС)

2-орын – Л. Тулакшина («Алматы электр станциясы» АҚ)

3-орын – А. Айтенова («Бірінші жел электр станциясы» ЖШС)

Шахмат ерлер арасында:

1-орын – Д. Попов Дмитрий («Ақтөбе ЖЭО» ЖШС)

2-орын – Е. Құрманбаев Еркен («Богатырь-Көмір» ЖШС)

3-орын – Т. Базарбаев («Екібастұз МАЭС-1 станциясы» ЖШС)

2015.09.18
2015.10.12

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng