«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2014 жылы атқарған қызметі және МҮИИДБ энергетика саласындағы жобаларды іске асыру қорытындылары туралы

2015.02.27
2015.09.29

«Самұрық-Энерго» АҚ 2014 жылы МҮИИДБ мен Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген мынадай инвестициялық жобаларды іске асырды:

    • Екібастұз 1-МАЭС-те қуаты 500 МВт №2 энергия блогын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, ол станцияның қуатын 3500 МВт-ға дейін ұлғайтты;
    • Алматы қаласында трансформациялық қуатын 332 МВА-ға арттыру арқылы 3 қосалқы станцияның (Есентай, Алтай, Мамыр) құрылысы аяқталд;
    • Алматы қаласында метрополитенді, АЭӨ АТП мен қаланың ТКШ-ні, электрмен энергиясымен жабдықтау үшін  жалпы трансформаторлық қуаты 738 МВА. қосалқы станциялардың құрылысы (Отырар, Жаңа №16, Алатау, Кеңсай (Бесағаш) аяқталды. Кеңсай қосалқы станциясы (Бесағаш) кернеуге қойылды, Алматы қаласында ЭБЖ 220 кВ Кеңсай – Ерменсайды іске қосу арқылы ЭБЖ-220 кВ.айналма құрылысы аяқталды.
      http://www.samruk-energy.kz/components/com_jce/editor/tiny_mce/plugins/article/img/readmore.png);">

    «Самұрық-Энерго» АҚ 2014 жылы МҮИИДБ мен Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген мынадай инвестициялық жобаларды іске асырды:

    • Екібастұз 1-МАЭС-те қуаты 500 МВт №2 энергия блогын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, ол станцияның қуатын 3500 МВт-ға дейін ұлғайтты;
    • Алматы қаласында трансформациялық қуатын 332 МВА-ға арттыру арқылы 3 қосалқы станцияның (Есентай, Алтай, Мамыр) құрылысы аяқталд;
    • Алматы қаласында метрополитенді, АЭӨ АТП мен қаланың ТКШ-ні, электрмен энергиясымен жабдықтау үшін  жалпы трансформаторлық қуаты 738 МВА. қосалқы станциялардың құрылысы (Отырар, Жаңа №16, Алатау, Кеңсай (Бесағаш) аяқталды. Кеңсай қосалқы станциясы (Бесағаш) кернеуге қойылды, Алматы қаласында ЭБЖ 220 кВ Кеңсай – Ерменсайды іске қосу арқылы ЭБЖ-220 кВ.айналма құрылысы аяқталды.

    2015 жылы мына жобаларды аяқтау жоспарланып отыр:

    • Ақтөбе ЖЭО-ны қуатын 88-ден 117 МВт-ға дейін көбейте отырып жаңғырту, ол жылына қосымша 150 млн. кВт/сағ. энергия өндіруге мүмкіндік береді;
    • Қуаты 45 МВт Ерейментау ЖЭС-інің 1-кезегін салу;
    • Алматы 2-ЖЭО (3-4 кезең) күл-қож тазартудың аралас жүйесі;
    • Алматы қаласында 6-10кВ. электр желілерін қайта құру.

    «Самұрық-Энерго» АҚ тобы кәсіпорындары қызметінің негізгі түрлері бойынша 2014 жылы электр энергиясын өндіру, беру және сату (тарату), көмір өндіру жоспарлары орындалды.

    Электр энергиясын өндіру 28,2 млрд. кВт/сағ., жылу энергиясын өндіру - 7,5 млн. Гкал. құрады.  Тұтынушыларға энергия беру (11,125 млрд. кВт/сағ.) және сату (8,6 млрд. кВт/сағ.) көлемі жоспарланған көрсеткіштерден жоғары.  Есепті кезеңде көмір өндіру 38  млн. тоннаны құрады немесе бұл жоспардың  99%-ы. Көмір өндірудің аз ғана төмендеуі Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы тұтынушылары тарапынан көмірге деген сұраныстың өзгеруісен байланысты.

    Компанияның есепті кезеңдегі жалпы біріктірілген табысы 252,5 млрд. теңгеден асты, бұл 2013 жылмен салыстырғандағы нақты табыстан 77%-ға жоғары (142,9 млрд. теңге). Есепті кезеңдегі біріктірілген қорытынды пайда  15 575 млн. теңгені құрайды, ол-  жоспардан 75% -ға жоғары.

    Қорытынды нәтиже өндіріс көлемінің ұлғаюы және шығындарды ойтайландыру бойынша жүргізілген жұмыстар есебінен жақсарды. Қаржы көрсеткіштеріне 2014 жылы «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-дағы үлесті 100%-ға дейін ұлғайту бойынша жасалған мәміленің аяқталуы елеулі ықпалын тигізді.

    «Самұрық-Энерго» АҚ тобына кіретін энергия өндіруші кәсіпорындар шекті тарифтер бағдарламасы бойынша 2009-2014 жж. кезеңінде  413,5 млрд. теңге инвестиция салды. Активтерді жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және табиғатты қорғау іс-шаралары мынадай нәтижелерді қамтамасыз етті:

    −        Станцияның қолда бар қуатын 1 109 МВт-ға немесе 42% -ға арттыру (Екібастұз 1-МАЭС №2 500 МВт блогын есептемегенде);

    −        белгіленген қуатты пайдалану коэффициентін 8,5%-ға ұлғайту (32,7 % -дан 41,2 %-ға дейін);

    −        қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар шығарындыларын 44%-ға немесе 132,3 мың тоннаға азайту (297,0 мың тоннадан 164,7 мың тоннаға дейін).

    «Тариф инвестиция орнына» бағдарламасы бойынша жалпы қаржыландыру көлемі   - 500 млрд. теңге.

    Қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары аясында «Самұрық-Энерго» АҚ ү.ж. 1 ақпаннан бастап Екібастұз 1-МАЭС электр энергиясына босату бағасын төмендету, сондай-ақ Екібастұз 2-МАЭС энергиясын 1 кВт/сағ. 8,65 теңгеге дейін (ҚҚС-ны ескермегенде) азайту туралы шешім қабылдады 2015  жылға бекітілген тариф мөлшері 1 кВт/сағ.  8,8 теңгені (ҚҚС-ны ескермегенде) құрады.  Бұл шара электр энергиясының көтерме нарығында ірі электр өндіруші ұйымдардың ұстанымдарын жақсартуға мүмкіндік береді.

    «Самұрық-Энерго» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2015 жылғы экономикалық жағдайды ескере отырып, инвестицияға жұмсалатын шығастарды 28 146 млн.теңгеге (немесе 23%-ға) және ағымдағы шығыстарды жалпы сомасы 10 824 млн.теңгеге (немесе 6%-ға) оңтайландыруды жоспарлап отыр. Инвестициялық бағдарламаларды оңтайландыру 2-МҮИИДБ-нің ірі және маңызды бағдарламаларына, «Нұрлы жол» бағдарламасына, «EXPO-2017» объектілеріне қатысты емес.

    Оңтайландыру әлеуметтік тұрақтылық деңгейін қамтамасыз етуге әсерін тигізбейді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары бойынша 2015 жылы жұмыс орындарының саны сақталатын болады.

    Мемлекет басшысының Жолдауындағы мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған кедергісіз орта құру мәселесі бойынша тапсырмаларды орындау үшін   «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 2014 жылы мүмкіндіктері шектеулі 170 адамды жұмысқа орналастыруға квота белгіленді. Қазіргі кезде  182 адам жұмысқа орналастырылды, олардың 51-і – 2-топтағы мүгедек, 131-ң -3-топтағы мүгедек адамдар.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng