Шардара су электр стансасы 4 ауданды электр энергиясымен қамтамасыз етеді

Сырдария өзенінің бойындағы Шардара су электр стансасы енді 57 миллион киловатт электр энергиясын артық өндіретін болады. Бұл бүгінгі өндірістен 26 пайызға көп.

Сырдария өзенінің бойындағы Шардара су электр стансасы енді 57 миллион киловатт электр энергиясын артық өндіретін болады. Бұл бүгінгі өндірістен 26 пайызға көп.

Мұндай артықшылық стансада жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстары біткен соң мүмкін болады. Әзірге жабдықтар ауыстырылуда.  Жобаның Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында атқарылып жатқанын айта кетейік.  Шардара су электр стансасы 50 жылдай тоқтамай жұмыс істеген соң, жабдықтары мейлінше тозған. Қазір қуат өндіретін генераторлары алмастырылып жатыр.  Бүгінгі күнге стансадағы төрт генератордың біреуі толық жаңартылды. Екіншісіне керекті жабдықтар жеткізіліп қойған.  Озық технологиямен жасалған жаңа генераторлардың артықшылықтары көп. Ескісін 8 жылда бір рет күрделі жөндеуден өткізіп тұратын.

Нұрлан Аманов, турбина цехының басшысы

- Мына жаңа генераторларға «Андерс гидро» мемекемесі 15 жылға кепілдік беріп отыр. 15 жылда бір рет жөнделеді. Осының өзінен жөндеу жұмыстарының тиімділігі көрінеді. Электр энергиясының көп бөлігін көрші аймақтардан тасымалдайтын Оңтүстік Қазақстан облысы үшін бұл жобаның пайдасы жан-жақты.  Біріншіден, Сырдариямен ағатын суды реттеп отырады. Сосын облыс бойынша қуатты бірқалыпты етіп, ретке келтіреді.  Төрт бірдей ауданды тұрақты түрде электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Енді қуат өндіруді арттырады.

Сейітмұрат Сайманов, «Шардара су электр стансасы» АҚ бас инженері

- Біз Оңтүстікте пайдаланып отырған энергияның облыс бойынша 12-13 процентін жауып отырмыз. Ол кезде 16 процент жабатын боламыз.  Екіншіден, энергия үнемдеу мен шығынды азайту апатты жағдайды азайтады, тоқтамайды. Шардара су электр стансасына керекті жабдықтардың  бүгінге дейін жартысынан көбі жеткізілген. Жобада қарастырылған қаржы бар.  Қайта жаңғырту жұмыстары 2017 жылы толық аяқталатын болады. 

2015.09.26
2015.10.05

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng