«Өнертапқыш – ENERGY 2015» байқауы екі кезеңде өтетін болады

«Самұрық-Энерго» АҚ компанияның еншілес және тәуелді ұйымдары қызмекерлерінің арасында «Өнертапқыш – ENERGY 2015» байқауын жариялады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компанияның еншілес және тәуелді ұйымдары қызмекерлерінің арасында «Өнертапқыш – ENERGY 2015» байқауын жариялады. Байқау пайдалы идеяларды ұсынатын қызметкерлерді ғана емес, өнертапқыштық ұсыныстарды ендіретін кәсіпорындарды да анықтау мен көтермелеуді көздейді.

«Самұрық-Энерго» АҚ өзінің алдына өнертапқыштық идеялар институтын жаңғырту міндетін қояды. Өйткені шығындарды оңтайладыруға, табысты ұлғайтуға және өндірістегі жұмыстың тиімділігіне қол жеткізуге көмектесетін «инновациялар тетігі» қызметкерлердің өздерінің идеялары болып табылуы мүмкін.

Бүгінде компанияның барлық еншілес ұйымдары материалдық көтермелеу туралы бөлімде қарастырылған Өнертапқыштық бағытты дамыту туралы ережені әзірледі. Мысалы, экономикалық әсерге, яғни табысқа толы идея өзінің авторына 10% ақшалай сыйақы береді. Бір жолғы сыйақылар көзделуде.

«Өнертапқыш – ENERGY 2015» байқауы екі кезеңде өтетін болады. Бірінші – жаңалықты ЕТҰ-да сынақтан өткізе отырып, екінші кезең – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік блоктар департаменттері директорлары мен дивизион басқарушыларынан тұратын  комиссиясы экономикалық әсерді талқылай отырып жүргізілетін болады.

 

Байқау қорытындылары «Энергетик күні» кәсіби мерекесі қарсаңында желтоқсан айында шығарылады. Сәтті ендірілген өнертапқыштық ұсыныстардың авторлары салтанатты түрде жүлде мен естелік дипломдармен марапатталатын болады.

 

Сіз білесіз бе?

 

Ұйымдардың жұмысын жақсарту үшін адамдардың идеяларын пайдалану тарихы сонау 1770 жылы басталды: персоналдың ұсыныстарын қабылдаудың алғашқы бағдарламасы Ұлыбританияның әскери-теңіз флоты кемелерінде іске асырылған болатын, ал алғашқы «құрал» «ұсыныстарға арналған жәшік» (suggestion box) болды. Сол замандарда адмиралдың немесе кеме капитанының көзқарастарына сәйкес келмейтін, дауыстап айтылған пікір «еркін ойлайтындар» үшін өлім жазасына әкеп соғуы мүмкін болған. Бірақ аға офицерлер 1) кері байланыстың маңызын және 2) «өз пікірін айтуға» батылы барған бағыныштылар үшін «қауіпсіз» жағдайларды қамтамасыз ету қажеттігін түсінген. Адамдар кемшіліктерін анықтауға талпынсын деп және кемелердегі жағдайды жақсарту үшін олардың жазадан қорқу қаупін сейілту қажет болған. Офицерлер пікірлерді «ұсынушының» есімін жасыра отырып, проблеманың шешімін тапты: экипаждың әрбір мүшесі өз ұсынысын білдірген  жазбахатты сала алатын қорапшаларды қойды.

Өз тиімділігін дәлелдеген жаңалық сіңісіп кетті, кейіннен оны бизнесте де қолдана бастады: 1880 жылы suggestion box шотландтық William Denny & Brothers кеме жасайтын верфте орнатылған болатын. Иелері іс жүзінде қолдануға мүмкін болатын ұсыныстарды енгізген адамның әрқайсысына әділ сыйақы беруге сөз берді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан бастап бұл тәжірибе TQM (Total Quality Management) тұжырымдамасының бір бөлігі болып, Еуропа мен Солтүстік Американың өнеркәсіптік кәсіпорындарда кең таралды.

2015.09.15
2015.09.29

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng