«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н. Назарбаевтың сенімді өкілі Алмасадам Сәтқалиев сайлауалды кампания шеңберінде Қоғамның еңбек ұжымымен кездесу өткізді

2015.04.10
2015.09.29

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н. Назарбаевтың сенімді өкілі Алмасадам Сәтқалиевсайлауалды кампания шеңберінде Қоғамның еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының хатшысы, корпоративтік хатшы Жәрдем Құрманғазиев,  «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Сейітов және «Энергетиктер кәсіподақтары федерациясы» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Оразбек Бекбас қатысты.

Кездесу барысында А.Сәтқалиев мемлекет басшысы мен ел үкіметі Қазақстанның электр энергетикасын жүйелі дамыту мәселелеріне барынша назар аударып отырғанын атап өтті. Осы уақытқа дейінгі қабылданған бағдарламалық құжаттар мен сәтті жүзеге асырылған жобалардың басым көпшілігі ел Президентінің тікелей басшылығымен іске асырылды. Сонымен қатар, Қоғам басшысы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат  Н. Назарбаевтың сайлауалды платформасының негізгі бағыттары туралы да ақпарат бере келіп, «Самұрық-Энерго» АҚ ұжымы мемлекет басшысының жаңа бастамаларына қолдау көрсетіп, алда болатын президент сайлауына белсене ат салысады деген сенімін білдірді.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng