Еңбек ұжымдарымен кездесу

2015.04.24
2015.09.29

Сәуір айының 14-20 күндері аралығында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының төрағасы А.Сәтқалиев ҚР Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтің сенімді өкілі ретінде Қоғамның Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Екібастұз энергия кешендеріндегі еншілес кәсіпорындардың

2015 жылғы 14 сәуірде Алматы қаласында  «Алатау Жарық компаниясы» АҚ мен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ұжымдарымен кездесу өтті. А. Сәтқалиев өз сөзінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы жетістіктерін, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы табыстарын атап өтті. Кездесулер барысында 26 сәуір күні болатын мемлекет басшысын сайлауға қатысты әр қазақстандықтың өз азаматтық ұстанымын айқындауының маңыздылығы мен сайлауға белсене ат салысу қажеттілігі атап айтылды.              

2015 жылғы 15 сәуірдегі кездесу  Алматы  облысы Райымбек ауданында орналасқан Мойнақ ГЭС стансасында жалғасты. «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы  «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Samruk Green Energy» ЖШС жұмыскерлерімен кездесті.

16  сәуірде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының төрағасы А.Сәтқалиев Оңтүстік Қазақстан облысына барып, онда  Шардара ГЭС-н жаңғырту жобасына қатысты жұмыстармен танысты. Жұмыс сапарының қорытындысында «Шардара ГЭС» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізілді.   

20  сәуір күні Екібастұзда   «Богатырь-Көмір» ЖШС, «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС,  «Екібастұз 2-МАЭС стансасы» АҚ еңбек ұжымдарымен кездесу болды.

 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng