Дүниежүзілік энергетикалық кеңес «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің басқаруындағы ДЭК жанындағы Қазақстан Ұлттық комитетінің жұмысына жоғары баға берді

Дүниежүзілік энергетикалық кеңес (ДЭК, World Energy Council) «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы А.Сәтқалиевтің басқаруындағы ДЭК жанындағы Қазақстан Ұлттық комитетінің жұмысына жоғары баға берді. Комитеттің атына «In good standing» сертификаты жолданды

ДЭК мүшесі ретіндегі Қазақстанның қызметі жаһандық және өңірлік энергетикалық қауіпсіздік саласында жаңа идеяларды іздеуге бағытталған. ДЭК-тің қазақстандық комитеті  әлемдегі энергетиканың даму үрдісі, тұтыну және генерация көлемі, энергия теңгерімінің жай-күйі жайлы келіп түскен мәліметтерге талдау жасап, ДЭК-гі әріптестерімен бірлесіп жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің жаңа құрылымын іздеу жұмыстарын жүргізеді.

Үш жылда бір рет ДЭК алаңында өткізілетін Конгресте өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективалары, түрлі салалардағы, оның ішінде энергетика, қалпына келтірілетін энергия көздері, логистика, машина жасау,  аспап жасау, мұнай және газ химиясы, мәдени ынтымақтастық және кадрлар даярлаудағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланады.

2013 жылдың қазан айында Корея Республикасының Тэгу қаласында өткен 22-ші Дүниежүзілік энергикалық конгрестің маңызды қорытындысы -  ДЭК-тің Бас хатшысы Кристофер Фрай мырза мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқармасының Төрағасы  Алмасадам Сәтқалиевтің  Астанада Әлемдік энергетика көшбасшыларының саммитін (World Energy Leaders’ Summit) өткізу жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюы болды.

VII Астана экономикалық форумы мен II Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы конференция шеңберінде, ДЭК-тің басшылығымен  2014 жылдың мамыр айында аса табыспен өткен Әлемдік энергетика көшбасшыларының саммиті тақтатасты газдың, энергияны сақтау технологиясының, өңірлік  энергетикалық инфрақұрылымның, ядролық энергетиканы дамытудың жаңа аспектілерінің перспективаларына қатысты мәселелерді, сондай-ақ климаттық өзгерістерге байланысты белгісіздік пен тәуекелдерді басқару, көмір  генерациясы мен су ресурстарымен қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруға мүмкіндік берді.

Саммитті Астанада өткізу, ең алдымен Қазақстанның соңғы жылдары Мемлекет басшысының бастамасымен атмосфераға булы газды шығаруды азайтуға, «жасыл экономиканы» дамытуға, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеуді арттыруға бағытталған  «Жасыл көпір» және Жаһандық  энергиялық-экологиялық стратегия, «Қазақстан-2050»  стратегиясы сияқты бірқатар құжаттарды қабылдауымен тікелей байланысты болды.

Ірі көпсалалы энергетикалық холдинг ретіндегі «Самұрық-Энерго» АҚ-ы,

электр энергиясын генерациялауға арналған отын түрлері бойынша оңтайлы теңгерімге қол жеткізуді көздеуде, осыған байланысты өзінің  энергетикалық қоржынын әртараптандыратын болады. Осы факторларды есепке алған компанияның стратегиясы  технологиялық әлеуетті 2022 жылға дейін  инновациялық дамытуға бағытталуда. Атап айтқанда, ҚКЭК үлесін арттыру, қолда бар қуаттарды қайта жаңғыртып, таза көмір технологиясы негізіндегі жаңа генерацияланған қуаттарды салу қарастырылған. Назар тиімділікті одан әрі арттырып, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға – күлдің, күкірт пен азот қышқылдарының ауаға шығарылуын тежеуге аударылатын болады. Қазіргі заманғы энергетика үшін  келешектің жаңа сапалық шешімдеріне көшуге мүмкіндік беретін экологиялық таза технологияларды қолдану қажеттілігі туындап отыр.

Сондай-ақ, қазіргі кезде Қоғамның  Дүниежүзілік Энергетикалық кеңестің жас мамандар үшін арнайы әзірленген  «Энергетиканың болашақ көшбасшылары» (Future Energy Leaders) бағдарламасына қатысуы мүмкіндігі ойластырылуда. ДЭК-тің жастар қанаты әлемдік энергетикалық кешеннің кадрлық әлеуетін дамытудың, ойлаудың жаңа тәсілдерін және тұрақты энергетиканың келешегін әзірлеуге көмек көрсетудің    халықаралық тәжірибесіне негізделген.

pdfСертификат

Анықтама үшін:

ДЭК – 1923 жылы құрылған жаһандық энергетикалық ұйым. ДЭК БҰҰ тіркелген, ұйымның  штаб-пәтері Лондонда орналасқан

ДЭК болашақ энергетикасын тұрақты  дамытуға қатысты  зияткерлік көшбасшылық пен нақты қызығушылық жөніндегі дүниежүзілік және жан-жақты жалғыз форум болып табылады. Дүниежүзілік  энергетикалық кеңестің құрамына әлемнің 90 елінен 92 ұлттық комитет, 3 000 астам мүше-ұйымдар  кіреді, оның ішінде мемлекеттік өкімет органдары, өнеркәсіптік және сараптамалық ұйымдар да бар. Кеңестің миссиясы: «Тұрақты жеткізуге және энергияны адам игілігі үшін тұтынуға көмек көрсету». Қазақстан ДЭК-ке 2009 жылы «KAZENERGY» қауымдастығының кіруі арқылы мүше болды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің Қазақстандық комитетінің  (World Energy Council) төрағасы болып табылады.

Әлемдік энергетика көшбасшыларының кезекті саммитін  2015 жылдың маусым айында  Филиппиннің Манила қаласында өткізу жоспарланған. 2015 жылы Эфиопияның Аддис-Абеба қаласында Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің Атқару  Ассамблеясының жыл сайыны отырысы өтеді.

"World Energy Congress 2016"-ның 23-ші конгресі Стамбулда болады. Қала министрлерді, энергетикалық компаниялардың басшыларын, сарапшылар мен зерттеушілерді қоса алғанда 9000 шамалы адамды қабылдамақ.

2015.04.02
2015.09.29

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng