«Самұрық-Энерго» АҚ –ы VIII АЭФ аясында инновационных технологияларды дамыту жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қойды

2015 жылғы 22 мамырда «Самұрық-Энерго» АҚ-ы VIII Астана экономикалық форумы барысында инновациялық технологияларды әзірлеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.

 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ  Шөкеев қол қою рәсімінің алдында «Самұрық-Қазына» қоры делегациясының  Калифорнияның (АҚШ)  Силикон алқабына жасаған сапары барысының нәтижесінде мүмкін болған аталған келісімдердің маңыздылығын атап өтті.

- Кездесулер барысында біз бірнеше негізгі бағыттарды дамытамыз деп келіскен болатынбыз.  Стэнфорд университетімен бірлесіп, энергетика саласындағы жаңа  идеялар мен технологияларды іздесек, Берклидегі Калифорния университетімен бірге биомедицина саласындағы жобаларды әзірлемекпіз. Primus Power Corporation-мен жасалған электр энергиясын сақтау жөніндегі құрылғыларды әзірлеу туралы келісім  - технологияларды дамыту бағытындағы жаңа бағыт, яғни стартап болмақ. Біз бұл жоба келешекте нарықтағы жағдайды түбегейлі өзгертеді деп есептейміз, - деп атап айтты «Самұрқ-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы  Алмасадам Сәтқалиев пен Primus Power Corporation Бас директоры Том Стэпиен (Tom Stepien, Chief Operating Officer) EnergyPod® энергия жинақтау жүйелерін өндіру мен Қазақстан Республикасына жеткізу, және кейіннен БӨ құру жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыруды көздейтін  стратегиялық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойды.

- Электр энергиясын сақтау технологиясын әзірлеу жөніндегі көшбасшымен бірлесіп жұмыс істеу ЖЭК секторын дамытуға ықпал етіп, инновациялық шешімдерді электр энергетикасы саласына іс жүзінде енгізуге мүмкіндік береді деп сенеміз,- деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы  Алмасадам Сәтқалиев  қол қою рәсімі кезінде.

           «Stanford University» зерттеу университетімен жасалған өзара түсіністік туралы Меморандумға «Stanford University» профессоры Фридрих Принц (Friedrich Prinz, Professor of Stanford University) қол қойды.  Құжат ғылыми-техникалық, білім беру және  инновациялық ынтымақтастықтың тұрақты әрі ұзақ мерзімді негізін салады.

 «Самұрық-Энерго» АҚ мен  Берклидегі Калифорния университеті арасындағы өзара түсіністік туралы  меморандумға Берклидегі Калифорния университетінің профессоры Дэниэль Альден Флетчер (Daniel Fletcher, Professor of University of California) қол қойды. Серіктестік бағдарламаны жүзеге асыру келешекте «Самұрық-Энерго» АҚ-ы жұмысының экономикалық көрсеткіштері мен адам капиталын арттыруға ықпал ететін болады.

 

Байланыс үшін:

Марат Мұхамедсәлиев –«Самұрық-Энерго» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры

Ұялы тел.: +7 701 999 40 99; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Анна Жекенова – «Самұрық-Энерго» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің бас менеджері

Ұялы тел.: +7 775 414 00 55; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

                      

Қол қою рәсіміне қатысушылар туралы ақпарат:

image001Том Стэпиен, Праймус Пауэр корпорациясының Бас директоры

      Том Стэпиен (Том Stepien) электр энергиясын сақтау технологиясын әзірлеудегі көшбасшы  Праймус Пауэр (Primus Power Corporation) корпорациясының бас директоры.   Applied, Novellus Systems, Draper Laboratory компанияларында бағдарламалық қамтамасыз ету, өнеркәсіптік роботтар мен басқару жүйесі саласында жұмыс тәжірибесі бар.  Массачусет технологиялық институтында машина жасау саласы бойынша бакалавр және магистр дәрежесі бар. Қазіргі кезде Массачусет технологиялық институтының  Дайындау мен өндіру зертханасының Өнеркәсіптік   консультативтік кеңесінде қызмет етеді.

image002Фридрих Принц, Стэнфорд университетінің профессоры

ФридрихПринц Стэнфорд университетінің Инженерия мектебінің профессоры, материалтану және инженерия профессоры, машина жасау  профессоры әрі  Прекорт Энергетика институтының аға ғылыми қызметкері. Ол сондай-ақ,  Стэнфордтағы наноөлшемдер бойынша прототиптеу зертханасының  директоры болып та қызмет етеді. Энергияны түрлендіру және нанодеңгейде сақтау жөніндегі іргелі мәселелері шешумен айналысатын докторанттар тобын басқарады. Принц Австриядағы Вена Университетінде физика саласындағы доктор дәрежесін алған.

image003Дэниэль Альден Флетчер, Берклидегі Калифорния университетінің профессоры

Калифорния университетінің  биоинжинирингтік зертханасы жасушалық қозғалыстардың  молекулярлық негізін зерттейді. Сандық жасушалық және  молекулярлық механикаға арналған жаңа құрал-жадбықтар мен өлшеу технологияларын әзірлейді.

2015.05.24
2015.09.29

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng