«Самұрық-Энерго» АҚ-ы басшылығы мен еңбек ұжымының 2014 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары және 2015 жылға  арналған міндеттер туралы жыл сайынғы есеп беру жиналысы болып өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ-ы басшылығы мен еңбек ұжымының 2014 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары және 2015 жылға арналған міндеттер туралы жыл сайынғы есеп беру жиналысы болып өтті

«Самұрық-Қазына» Қоры (одан әрі - Қор) және Қор компанияларының барлық Топтары үшін бүгінгі күнгі ең өзекті мәселе – Трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.  Корпоративтік медиация орталығы мен «Әлеуметтік серіктестік орталығы»  Корпоративтік қоры келіссөздер үрдісінің басшысы Жанар Үсіпбекова  трансформацияның қаржылық және операциялық көрсеткіштерге негізделген негізгі бағыттары мен басымдықтары жайлы айтып өтті. Бәрімізге белгілі, Трансформациялау бағдарламасы 2014 жылдың қазан айынан бастап Қорда және үш портфельді компанияда пилоттық режімде жүзеге асырылып келеді. «Самұрық-Энерго» АҚ-да бағдарлама 2015 жылдың мамыр айынан бастап қолға алынбақ.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2014 жылғы жұмыстарының қорытындылары мен 2015 жылға арналған міндеттері туралы Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев сөз сөйледі. Қоғам қызметінің Даму жоспарында бекітілген негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілді. Компанияның есепті мерзім ішіндегі жалпы табысы 252,5 млрд. теңгеден асты, бұл 2013 жылғы нақты табыстан  77% артық (142,9 млрд. теңге). Есепті мерзім ішіндегі шоғырландырылған жиынтық кіріс  15,9 млрд теңгені құрады, бұл жоспардан 75% артық.

А. Сәтқалиев дайындығы жоғары деңгейдегі перспективалық  инвестициялық жобаларды жүзеге асыра бастау қажеттігін атап айтты. Олардың арасында Шелек дәлізіндегі қуаты  60 МВт,  перспективада 300 МВт дейін кеңейту көзделген  ЖЭС-ның құрылысы, Шелек ауданының энергиялық әлеуетін дамыту жөніндегі жобалар (Шелек өзенінде жалпы белгіленген қуаты 339,6 МВт болатын 31 ГЭС-ң құрылысы), Қытайдың ХСШЭК-мен серіктестікте салынатын жел электр стансасының (351 МВт) құрылысы бар.

2015 жылғы жұмыстың басымдығы ретінде өндірістік және инвестициялық бағдарламаларды орындау, жаңа нарықтарға шығу және энергия кәсіпорындары жұмысының тиімділігін арттыру белгіленді. Бұл міндеттерді орындау мемлекет пен жалғыз акционердің мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті түрткі болмақ.

Сондай-ақ, жиналыста әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік бағдарламаларын орындау жөніндегі жұмыстардың қорытындылары да назарға ұсынылды. Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Мәдина Айсариева әлеуметтік әл-ауқатты жетілдіру жөніндегі шаралар жұмыскерлердің барлық санатын, оның ішінде ең алдымен Топтағы жұмыскерлердің жалпы санының 67,2% құрайтын өндірістік персоналды қолдауға бағытталғанын баса айтып өтті. Еңбек ұжымындағы әлеуметтік өзін-өзі сезінуді бағалау мақсатында, 2014 жылдың ІІІ тоқсанында Әлеуметтік серіктестік орталығы мен  «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік университеті тиісті зерттеулер жүргізіп, онда Қоғам компаниясы топтарының әлеуметтік тұрақтылығының рейтингі 2013 жылғы 63%-тен 2014 жылғы 69% дейінгі жағымды динамикада анықталды. Әкімшілік-басқарушы қызметкерлердің еңбек шарттары мен кәсіби және қызметтік өсу перспективасына қанағаттанушылық деңгейін 2013 жылғы 63%-тен 2014 жылғы 65% дейін көтерілген қызығушылық индексінен көруге болады.

Қоғам компаниялары топтарында әлеуметтік серіктестікті нығайту үрдісі байқалуда. Бүгінгі күні мүшелері Қоғам компаниялары топтары жұмыскерлерінің 80% астамын құрайтын 16 кәсіподақ жұмыс істейді. 13 ұжымдық шарт жасалған.

Ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес, 2014 жылы Қоғам компаниясы топтары бойынша әлеуметтік төлемдер 2013 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 25% артқан.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған   «Қазақстан-2050»,  «Мәңгілік ел» Жолдауларын жүзеге асыру аясында, 2014 жылы  «Самұрық-Энерго» АҚ тобына 182 мүмкіндігі шектеулі тұлға жұмысқа қабылданды.  Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және жұмыскерлерді  «Богатырь-Көмір» ЖШС-не бекіту мақсатында жас жұмыскерлерге тұрғын үй сатып алуға заем беру жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда.

Қоғам өз жұмыскерлері мен олардың отбасыларында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, қолдау көрсетуде. Жыл сайын «Самұрық-Энерго» компаниясы топтарының кәсіподақтарымен бірлесіп, бұқаралық спорт жарыстары мен жұмыскерлердің белсенді дем алуына арналған шаралар ұйымдастырылды.

Осы мақсатта, 2014 жылдың қыркүйек айында «Кәсіби энергетиктер федерациясы» Қоғамдық бірлестігінің күшімен  Астанада  «Самұрық-Энерго» АҚ-ы  компаниясы топтарының жұмыскерлері арасында  II Спартакиада өткізіліп, оған  14 команданың құрамында 300 астам адам қатысты. Спартакиада қорытындысы бойынша,  «Самұрық-Энерго» АҚ құрама командасы  «Самұрық-Қазына» АҚ-ның  2-ші Спартакиадасына қатысып, 17 команданың арасында құрметті 3-ші орынға ие болды.

Медиаторлар институты құрылып, оның құрамы 2014 жылдың соңында 300 астам адамға жетті, олардың 8-і корпоративтік медиатор сертификатын алды.

Қоғам өз жұмыскерлерінің біліктілігін ұдайы арттырып отыруға мүдделі. Сондықтан да, барлық деңгейдегі қызметкерлерді түрлі оқыту орталықтарында, сондай-ақ сыртқы провайдерлерді – білім беру ұйымдарын тарту арқылы жүргізілетін оқуларда оқытуға едәуір көлемде инвестиция жұмсайды.

2014 жылы SHLgroup компаниясының қатысуымен КО қызметкерлері қатарынан Кадрлар резервіне кандидаттарды бағалау жұмысы жүргізілді. Директорлар кеңесі мен Басқарма негізгі орындарға ізбасарлық жоспарын бекітті.

Қызметкерлердің  40%  астамының салада 10 жылдан астам еңбек өтілі бар, бұл саланы кадрмен қамтамасыз етудің тұрақтылығын сипаттайды. Ұрпақ жалғастығын насихаттау әрі энергетик кәсібін дәріптеу мақсатында өткен жылғы мамыр айында Астана қаласында Самұрық-Энерго еңбек өтілдері  100-ден 160 жылға дейін жететін 11 еңбек династиясына құрмет көрсетті.

Техникалық және кәсіби білім беруді реформалау және модернизациялау жүйесі аясында «Богатырь-Көмір» ЖШС-і мен «Алматы электр стансасы» АҚ-ның базасында  дуальды білім беру жүйесі жоспарлы түрде енгізілуде.  2014 жылы  «№18 Екібастұз кәсіби лицейі» ММ-де қондырғыларды күтіп және жөндеу жөніндегі электр слесарларының бірінше тобы бітіріп шығып, ондағы 17 түлектің 5-і «Богатырь Көмір» ЖШС-не жұмысқа орналастырылды.

Осылайша, Қоғам компания мен оның еншілес кәсіпорындарын дамытудың жағымды  перспективаларына жағдай жасауда. Компания басшылығы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тұрақты дамуына ықпал ететін шаралар  электр энергетикасы саласына  инвестиция тартуға оң ықпал етіп,   генерация, электр энергиясы дистрибуциясы және көмір өндіру секторының алдыңғы қатарлы қатысушысы мәртебесін ақтайды деп атап айтты.

2015.04.02
2015.09.29

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng