«Самұрық-Энерго» АҚ-да Еңбек династиялары күні өтті

2015.05.21
2015.09.29

Бұл мерекеге еліміздің түкпір-түкпіріндегі еншілес компаниялардың қызметкерлері елордаға арнайы шақырылды. Жеті еңбек династиясының өкілдеріне Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Еңбек династиялары күні 2013 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның (одан әрі Қор) бастамасымен бекітілген болатын. Бұл мереке кәсіптің отбасылық мұрагерлікке айналуы мен ұрпақтар сабақтастығына қолдау көрсету идеясынан пайда болған. Бүгінде еңбек династиясы сияқты осынау әлеуметтік жаңалықтың сақталуы және дәріптелуінің өмірге жолдама алуы жайлы сеніммен айтуға болады.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ы, Қор компаниялары тобымен қатар, екінші жыл қатарынан осы мерекені атап өтуде. Биыл Астанаға «Самұрық-Энерго» АҚ-ның: «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ (Алматы), «2-ЕМАЭС» АҚ, «1-ЕМАЭС» ЖШС (Екібастұз қаласы), «ЖМАЭС» АҚ (Тараз), «Ақтөбе ЖЭО» АҚ (Ақтөбе) еншілес-тәуелді ұйымдарының (ЕТҰ) өкілдері жиналды.

obshchaya-1

obshchaya-2

obshchaya

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік даму жөніндегі бас директоры Қанат Әйменов еңбек династиясының өкілдерін құттықтай келіп: «Еңбек династиялары – бұл біздің компаниямыздың баға жетпес ресурсы. Бұл тұрақтылықтың көрсеткіші, абырой мен табыс индикаторы. Ұжымның күші дәл осы еңбек династиялары арқылы көрінеді. Еңбек династиялары – кәсіпорынның тірегі, оның өткені, бүгіні және келешегі. Олар кәсіпорынның бақуатталығының, тұрақтылығының және әлеуметтік маңыздылығының айғағы», - деп атап өтті.

Бейсебаевтар әулетінің династиясы Жамбыл МАЭС-інде еңбек етеді. Отағасы Рақымбай өзінің еңбек жолын 1974 жылы «Оңтүтікқазэнергияжөндеу» жөндеу-өндірістік кәсіпорнында ЖЭО машиналық цехтарындағы қондырғыларды жөндеу жөніндегі 2 разрядты слесарь ретінде бастаған. 1976 жылдың қыркүйегінде Жамбыл МАЭС-не отын-көлік цехына құюшы-төгуші болып жұмысқа қабылданды. Шеберліктің барлық сатысынан өткен ол, 1996 жылы отын-көлік цехының ауысым бастығы болып тағайындалды. 2003 жылы Мазут шаруашылығы қондырғыларын пайдалану қызметінің ауысым бастығы болып ауыстырылды.

Үлкен әрі тату-тәтті отбасын құраған отағасы Рақымбай мен жары Кенжекүл екеуі төрт ұлды еңбексүйгіштікке баулып, тәрбиелеп өсірді, лайықты білім берді. Үлкен ұлдары Батыржан қазіргі күні де әкесімен бірге жұмыс істейді. Екінші ұлы Бақытжан Жамбыл МАЭС-інде еңбек еткен 2003-2010 жылдары өзін жақсы жағынан көрсете білгендіктен, Тараз энергия орталығы кәсіпорнына ауысым шебері ретінде жұмысқа шақырылды. Кіші ұлы Бекежан, стансада үлкен еңбек тәжірибесіне ие болғаннан кейін, өзінің одан арғы еңбек жолын ішкі істер органдарында жалғастырып, онда да өзін лайықты қызметкер ретінде көрсетуде.

Айта кету керек, Мазут шаруашылығы қондырғыларын пайдалану қызметі станса бөлімшелерінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі болып саналады. Оның ең басты міндеті стансаның энергетикалық блоктарын отынмен қамтамасыз ету. Тәжірибелі тәлімгер Рақымбай Бейсебаев өзі еңбек еткен уақыт аралығында көптеген жас мамандарды тәрбиелеп шығарды, олар қазір станса бөлімшелерінде және басқа да энергетикалық кәсіпорындарда еңбек етіп жүр.
Еселі еңбегі үшін Рақымбай Бейсебаевқа «Цехтың үздік жұмыскері» атағы берілген, стансаның 40 жылдығы құрметіне «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталған, бірнеше мәрте әртүрлі сыйлықтарға ие болған.

beysebaev-1

beysebaev-3

beysebaev

Династия басшысы Сергей Фатеев –Ақтөбе ЖЭО-ның тұрақты жұмыскері. Еңбек өтілі 40 жылдай. Кезекші электр монтерінен электр цехының ауысым бастығына дейінгі еңбек жолын жүріп өтті. Соңғы лауазымында 1981 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Сергей Леонидович өзінің адал еңбегімен станса қондырғыларының үздіксіз жұміс істеуіне үлкен үлес қосып келеді. Оның басты қасиеті – жұмысқа деген ынтасы, еңбексүйгіштігі мен тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауы. Ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесімен бөлісе отырып, жастарды тапсырылған іске жауапкершілікке, қондырғыларға ұқыптылықпен қарауға, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға, жұмыс орнын жинақы ұстауға тәрбиелеп келеді.

Жұбайы Ольга да 1983 жылдан бері ерімен бірге Ақтөбе ЖЭО-да еңбек етіп келеді. 1999 жылдан бастап күні бүгінге дейін электр цехының аккумуляторшісі болып жұмыс істейді. Алған теориялық білімі мен практикалық дағдылары Ольга Евгеньевнаға жақсы маман болып қалыптасып, енді өзінің де жас мамандарды тәрбиелеу ісіне үлесін қосуына жағдай жасады.

fateevy-1

fateevy

Династия басшысы Күлімжан Темірбекова өзінің еңбек жолын 1968 жылы бүгінде АЖК (Алатау Жарык Компаниясы) деп аталатын, облыстық электр желілері басқармасының Райымбек АЭС-да бастады. Күлімжан династиясының екі ұлын, екі келінін және үш немересін қосқандағы жалпы еңбек өтілі 216 жылды құрайды.

Ұлдары Әлиасқар Темірбеков (Райымбек АЭС) пен Рысбек Рахметжанов (Есік АЭС) өндірісте ұзын саны 40 жылдай еңбек еткен. Әлиасқар подстансаларға күтім жасау жөніндегі электр монтері болса, Рысбек – 2002 жылға дейін тарату желілерінің инженері және ҚТ жөніндегі инспектор болып еңбек етті. Олардың жұбайлары да өздермен бірге бір кәсіпорында еңбек етеді. Рысбектің жұбайы Шолпан Әлиева 1965 жылдан бастап 2004 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Есік АЭС-де тарату желілерінің инженерінен бастап өндірістік-техникалық топтың бастығына дейінгі жолды жүріп өтті. Темірбековтер династиясын бүгінде үш немересі: «Текес» учаскесінің шебері Дархан Темірбеков, Талғар АЭС-і подстанса тобының бастығы Ермек Рахметжанов және электр қондырғыларын жөндеу жөніндегі цехтың көлік жүргізушісі Еркін Рахметжанов жалғастыруда.

Күлімжан Темірбекова өзінің лайықты ұрпақ тәрбилеп өсіргенін, электр энергетикасы отбасылық дәстүрге айналғанын мақтанышпен жеткізе келіп, шөберелері де өзінің ізбасары болатынына сенімін білдірді.

temirbekovy-1

temirbekovy

Рассказовтар отбасылық династиясының ГЭС каскадындағы жалпы еңбек өтілі 136 жылды құрайды. Отағасы Николай – Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 1948 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен наградталған. Николай Прокофьевич ГЭС каскадының құрылысына, қалыптасуына және дамуына ат салысты. Әйелі - Евдокия Артемовна Рассказова ГЭС каскадында 25 жыл жұмысшы болып еңбек етті. 1947 жылы «1941-1945жж, Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Евдокия Артемовна станса құрылысын қалай салғандары туралы былайша әңгімелейді: «Бұл жұмыс әйелдер үшін өте ауыр болды: тасты, құмды, бетонды зембілге салып қолмен тасыдық, балшықты да қолмен илейтінбіз. ГЭС каскадының жұмыскерлеріне арнап үй салдық».

Ұлы Виктор мен қызы Ольга (Рысева) да өз тағдырларын ата-анасы тұрғызған кәсіпорынмен байланыстырды. Виктор Николаевич қарапайым жұмыскерден кәсіпорынның электр машинасы цехының қондырғыларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі аға инженері лауазымына дейін көтерілді. Энергетика саласындағы жалпы еңбек өтілі 46 жыл. ГЭС каскадындағы оперативті персоналды даярлау мен білімін көтеру ісімен айналысып, өзінің тәжірибесін жас ұрпаққа бере білді. 1985 жылы - «Жүйедегі жиілік дабылының схемасы» атты рационализаторлық ұсыныс енгізді. В.Н.Рассказов Алматыэнерго РУ «Құрмет кітабына» енгізілген, "Он бірінші бесжылдықтың екпіндісі" белгісімен наградталған, оның еңбегі бірнеше мәрте Алматы қаласы әкімдігінің, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттары мен ақшалай сыйлықтармен атап өтілді. 2014 жылы «Электр энергетикасы ардагері» атағы берілді.

Қызы Ольга Николаевна – кадрлар жөніндегі бас маман, еңбек өтілі 26 жыл. ГЭС каскадында еңбек еткен жылдар ішінде еңбектегі және қоғамдық жұмыстардағы табыстары үшін бірнеше рет грамоталармен, алғыс хаттары мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. «АлЭС» АҚ-ның Құрмет тақтасына жазылды. 2015 жылы «Электр энергетикасы ардагері» атағы берілді.

Рассказовтар династиясын немересі Николай Валерьевич жалғастыруда. Оның ГЭС каскадында жұмыс істегеніне 7 жыл болды. Осы уақыт ішінде ол электр стансасының электр құрылғыларын жөндеу жөніндегі электр слесарынан кәсіпорынның электр машина цехының қондырғыларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі инженеріне дейін жетті. 2007 жылдан бері бір жеке кәсіпорында энергиямен жабдықтау бөлімінің бастығы болып еңбек етеді.

rasskazovy-1

rasskazovy

Екібастұз МАЭС-де еңбек ететін Плахиндер династиясының энергетика саласындағы жалпы еңбек өтілі бір ғасырға жуық - 97 жыл. Отбасының басшысы Николай Александрович Қарулы Күштер қатарындағы борышын өтегеннен кейін, 1981 жылы «Екібастұзэнергоқұрылыс» тресінде төртінші разрядты слесарь болып еңбек жолын бастады. Жылжып өткен жылдармен бірге тәжірибесі де молайып, біліктілігі де арта түсті. 1997 жылдың наурызынан бастап Екібастұз 2-МАЭС-ің Қондырғыларды жөндеудің орталықтандырылған цехында жұмыс істеп келеді.

Николай Александровичтің жұбайы – Наталья Валентиновна Екібастұз 2-МАЭС-де 1994 жылдан бері адам ресурстары басқармасында жұмыс істейді. Плахиндердің үш қызы бірдей ата-анасының ізін басып, энергетик кәсібін таңдады. Қыздары Елена 1998 жылдан бері Гидротехникалық құрылғылар мен жер асты коммуникациясы цехындағы сорғы қондырғысының үшінші разрядты машинисі. Светлана – 2001 жылдан бастап Жылу автоматикасы және өлшеу цехында Автоматика және электр стансасының өлшеу құралдарын жөндеу және күтім жасау жөніндегі бесінші разрядты электр слесарі. Светлананың күйеуі –А.Н. Козодоенко да Екібастұз 2-МАЭС-де 27 жылдан бері Электр энергиясын сату бөлімінде Маркетинг жөніндегі аға маман болып еңбек етеді. Тағдыр оларды Екібастұз 2-МАЭС-де қосып, энергетиктердің тағы да бір жаңа отбасы өмірге келді.

Кіші қыздары Любовь өз жұмысын 2012 жылы 2-ЕМАЭС-тің Техникалық басқармасындағы Металдар зертханасында техник болып бастады.

plakhiny-1

plakhiny-2

plakhiny-3

plakhiny

Окуневтер династиясы отбасының 7 мүшесінен тұрады. Отағасы Евстафий Семенович 1970 жылы Алматы МАЭС-нің жөндеу-құрылыс цехына 3-разрядты ағаш шебері болып жұмысқа кірді. Үш жылдан кейін зейнеткерлікке шықса да, энергия қондырғыларын жөндеу жөніндегі өндірістік кәсіпорында осы мамандығы бойынша жұмыс істеуді жалғастыра берді. 1983-1985 жылдары өз жұмысын Алматы энергиялық арнайы жөндеу цехында жалғастырды. Окуневтің жұбайы, Анна Тимофеевна, Алматы МАЭС-де 1970-1973 жылдары жатақхана вахтері болып еңбек етті. Қыздары Алланың бүкіл отбасы - күйеу балалары Николай Сергеевич Горбунов, жиендері Вера Николаевна Горбунова, оның ері Владимир Дмитриевич Бобровский және шөберелері –Сергей Викторович Павлов қазандық цехының машинисі, блок жүйесі қазандығының машинисі, жылу беру машинисі, қазандық құрылғылары жөніндегі машинист-қадағалаушы болып еңбек етеді. Окуневтердің бүкіл династиясы адал, тәртіпті әрі орындаушылық қасиеттерімен көзге түсіп, өздерін тек жақсы жақтарымен көрсетіп келеді, олар өздеріне жүктелген тапсырмаларды табысты атқарып келді және атқару үстінде.

okunevy-1

okunevy-2

okunevy

Еңбек династиясының тағы да бір өкілдері - Зеру отбасы: Валентина Викторовна Зеру, оның анасы Валентина Васильевна Стёпкина, ұлы Николай Юрьевич Зеру, келіні Светлана Александровна Зеру. Отбасы мүшелерінің 1-Екібастұз МАЭС-дегі жалпы еңбек өтілі - 59 жыл.

1981-1992 жыл аралығында 1-Екібастұз МАЭС-нің «Электр» цехында өндірістік және қызметтік бөлмелерді жуушы болып жұмыс істеген Валентина Васильевна Стёпкина қазір құрметті еңбек демалысында, «1-Екібастұз МАЭС» ЖШС-нің ардагері.
Валентина Викторовна Зеру 1979 жылдан күні бүгінге дейін «1-Екібастұз МАЭС» ЖШС-нің «2-отын-көлік» цехында 6-разрядты автоматтандырылған жылу беру моторисі болып еңбек етуде. Ұзақ жылғы тәжірибесі мен дағдысы Валентина Викторовнаға станса жұмысында болуы ықтимал кідірістер туралы уақытылы ескертіп отыруға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде жалпы еңбек өнімділігіне жағымды ықпал етеді.
Николай Юрьевич Зеру 2006 жылдан бастап бүгінге дейін – «1-Екібастұз МАЭС» ЖШС-нің «2-отын-көлік» цехында алтыншы разрядты жылу беру машинисі, қондырғылардың апатсыз жұмыс істеуі мәселелерімен айналысады.

Келіні Светлана Александровна да, енесі сияқты, 2012 жылдан бастап «1-Екібастұз МАЭС» ЖШС-нің «2-отын-көлік» цехында 6-разрядты автоматтандырылған жылу беру моторисі болып еңбек етеді. Осы қысқа ғана уақыт ішінде өзін байсалды, тез үйренуге бейім маман ретінде көрсете білді.

zeru-1

zeru-2

zeru

Козловтар әулетінің басшысы – Владимир Ильич, көмір өнеркәсібі жүйесінде 45 жыл бойы еңбек етті.

«Екібастұзкөмір» өндірістік бірлестігінің «Богатырь» кенішінде 1979 жылдан бастап 2013 жылға дейін роторлық экскаватор машинисінің көмекшісі болды.

Әйелі Любовь Алексеевна 1979 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін «Богатырь Көмір» ЖШС-нің еңбекті ұйымдастыру және жалақы бөлімінде басқаруды ұйымдастыру жөніндегі бас инженер, одан кейін еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженер болып жұмыс істеді.

Владимир Ильич пен Любовь Алексеевнаның тәрбиелеп өсірген екі ұлы да ата-анасының жолын қуған. Үлкені Сергей мен кішісі Илья бүгінде «Богатырь Көмір» ЖШС-де еңбек етеді. Козловтар отбасының жалпы еңбек өтілі 119 жылды құрайды.

kozlovy-1

kozlovy-2

kozlovy-3

kozlovy-4

kozlovy

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng